ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған «Sumud» флотилиясына жасалған шабуылды айыптады
Президент Ердоған: «Геноцид жасаушы Нетаньяху үкіметі бейбітшілік орнату түгілі, ондай мүмкіндіктің пайда болуына да төзімі жоқ екенін көрсетті», – деді.
Президент Ердоған «Sumud» флотилиясына жасалған шабуылды айыптады
Президент Ердоған «Sumud» флотилиясына жасалған шабуылды айыптады / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Газаға гуманитарлық жүк жеткізу үшін жолға шыққан жаһандық «Sumud» гуманитарлық флотилиясына Израильдің жасаған «қарақшылығын» айыптады.

Ердоған бейсенбі күні Әділет және даму партиясының жиналысында: «Израиль билігінің халықаралық су айдынында бейбіт тұрғындарға жасаған бұл шабуылы — геноцид жасаушы топтың Газаға қарсы жасап отырған адамзатқа қарсы қылмыстарын жасыру үшін қандай жағдайға түскенін тағы бір мәрте дәлелдеді», - деді.

Президент сөзін жалғастырып: «Геноцид жасаушы Нетаньяху үкіметі бейбітшілік орнату түгілі, ондай мүмкіндіктің пайда болуына да төзімі жоқ екенін көрсетті. «Sumud» флотилиясы Газадағы қырғынды және Израильдің бет-бейнесін бүкіл әлемге тағы да айқын көрсетті. Қиын жағдайға қарамастан ар-намысын қорғап жатқан палестиналық бауырларымызды ешқашан қорғансыз қалдырмаймыз. Бітім мен тыныштықтың орнауы үшін бар күшімізді жұмсаймыз», – деді. Түркияның ресми өкілдері флотилияға қатысты соңғы оқиғаларды жіті қадағалап отырғандарын және Түркия азаматтарының қауіпсіздігі үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты