Израильдің шабуылдары жалғасып жатыр
Израиль әуе күштерінің шабуылдары бұл жолы жәрдем көліктерін күзетіп отырған топтарға бағытталды.
Израиль әуе күштерінің шабуылдары бұл жолы жәрдем көліктерін күзетіп отырған топтарға бағытталды. / AP
Израиль әуе күштерінің Газа секторындағы әуе шабуылдары бұл жолы жәрдем көліктерін күзетіп отырған топтарға бағытталды. Шабуылда кем дегенде сегіз палестиналық қаза тапты, ондаған адам жарақат алды.
Рафах қаласында 30-дан астам адам жараланып, олардың бірі – ауыр жаралы. Дәрігерлер қаза болғандар саны артуы мүмкін деп қорқады.
Палестиналық дәрігерлердің хабарлауынша, тағы бір шабуыл Хан Юнис қаласындағы гуманитарлық қауіпсіздік қызметкерлеріне бағытталды, бірнеше адам жараланды.