ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
"Таяу Шығыстағы бейбітшілік – жаһандық қажеттілік"
Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Аслы Гүвен Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың артқанына назар аударып, өңірде бейбітшілік орнату жаһандық маңызға ие екенін мәлімдеді.
"Таяу Шығыстағы бейбітшілік – жаһандық қажеттілік"
Біріккен Ұлттар Ұйымының логотипі

Гүвен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Таяу Шығыста саяси шешімдерді ілгерілету: тұрақты бейбітшілік үшін араағайын болу және диалог» тақырыбындағы ашық отырысында Түркия атынан сөз сөйледі.

«Өңіріміз соңғы жылдардағы ең тұрақсыз кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатыр. Газада миллиондаған адам қауіпсіздік пен белгісіздік жағдайында өмір сүруде», – деген Гүвен Израильдің атысты тоқтату келісіміне қарамастан өз міндеттемелерін елемеуді жалғастырып отырғанын айтты.

Ол Израильдің Батыс Шериядағы оккупацияны күшейтіп, екі мемлекет қағидатына негізделген шешімге кедергі келтіретін саясат жүргізіп отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ ол Израильдің Сирия мен Ливандағы әрекеттеріне тоқталып, Парсы шығанағы аймағындағы соңғы қақтығыстар өңірлік шиеленістің қаншалықты тез ушығатынын және оның халықаралық қауіпсіздік пен әлемдік нарыққа қауіп төндіретінін көрсеткенін атап өтті.

Гүвеннің сөзінше, көптеген дағдарыс мен қақтығыс тоғысқан Таяу Шығыста бейбітшілік, тұрақтылық және ынтымақтастықты нығайту – тек өңірлік қажеттілік емес, сонымен қатар жаһандық жауапкершілік.

«Түркия барлық бастаманы қолдауға дайын»

Гүвен Анкараның өңірлік бейбітшілікті қамтамасыз ету бағытындағы күш-жігеріне тоқталып, Түркияның Газадан Украинаға дейін, Африкадан өзге де аймақтарға дейін сындарлы саясат пен дипломатияны тұрақты түрде қолдап келе жатқанын айтты.

Ол Түркияның Газада арағайын болуымен қатар Иранмен диалогты дамытуға бағытталған қадамдарды да белсенді түрде қолдап отырғанын атап өтті. Гүвеннің сөзінше, Анкара алдағы уақытта да өңірдегі қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған барлық  бастаманы қолдауға дайын.

Өкіл: «Адам өмірін, қадір-қасиетін және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғау үшін қабылданған қағидалар сақталмаса, ешбір саяси үдеріс ұзаққа созылмайды. Бұл мәселеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі үлкен жауапкершілікке ие», - деді.

Іздеу
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті