ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдары және Иранның Парсы шығанағы елдері мен Ормуз бұғазына әсер еткен қарымта әрекеттері жалғасып жатқан кезде, Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесіп, өңірлік мәселелерді талқылады.
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады / TRTWorld

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер Катар премьер-министрінің орынбасары әрі Қорғаныс министрі шейх Сауд бин Абдуррахман бин Хасан бин Али Әл Санимен телефон арқылы сөйлесті.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «Телефон әңгімесінде өңірлік қорғаныс пен қауіпсіздік мәселелері талқыланды»,- делінген.

Телефон әңгімесі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен шабуылдары күшейген кезеңде өтті.

Израиль мен АҚШ 28 ақпанда Иранға қарсы бірлескен шабуыл жасады. Бұл шабуылда 1300 адам қаза тапты. Олардың арасында Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи де бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран көсемі Әли Хаменеи АҚШ пен Израильдің шабуылынан қаза тапты

Иран бұған жауап ретінде Израиль, Иордания, Иракқа және АҚШ-тың әскери нысандары орналасқан бірқатар Парсы шығанағы еліне шабуыл жасады.

Сондай-ақ Иран 1 наурыз күні Ормуз бұғазын жапты. Стратегиялық маңызы зор бұл су жолы арқылы күніне шамамен 20 миллион баррель мұнай тасымалданады. Бұл әлем бойынша сұйытылған табиғи газ саудасының шамамен 20 пайызы демек.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Іздеу
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Зеленский: «АҚШ Ресей мен Украина арасындағы соғысты бәсеңдетуге күш салып жатыр»
Араб коалициясы хоуситтердің шабуылдарына қарсы шара қабылдайтынын айтты
Катар АҚШ-Иран дағдарысын аймақтық диалог арқылы "біртіндеп еңсеруді" көздейді
ХАМАС Израильді Газа геноцидінің дәлелдерін жасыруға тырысты деп айыптайды
Ресейдің Киевке жасаған шабуылынан алты адам жараланды
Фолькер Тюрк жаһандық дағдарыстарға байланысты үндеу жасады
Ресей: «Германия Бонндағы Бас консулдығымызды негізсіз сылтаумен жапты»
Ресей мен Украина келіссөздері қайта жандануы мүмкін
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Жаңа Делиде көпқабатты ғимарат опырылып, бес адам қаза тапты
БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінде Газа мәселесіне баса назар аударылды
Қытайдың Өзбекстан экономикасына әсері: Сауда көлемі өсуде, тапшылық артуда
Израиль Ливанға соққы берді
Иран Ормуз бұғазы маңында тыйым салынған аймақ жарияламақ