Ормуз бұғазына байланысты Иранға қысым күшейді
Ормуз бұғазын қайта ашу үшін Иранға дипломатиялық және саяси қысым көрсету мақсатында шамамен 30 ел бейсенбі күні бас қосады.
Маңызы аса зор теңіз жолы саналатын, алайда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы салдарынан жабылған Ормуз бұғазын қайта ашу үшін дипломатиялық және саяси қысым көрсету мақсатында шамамен 30 ел бейсенбі күні бас қосады.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің айтуынша, Ішкі істер министрі Иветт Купер төрағалық ететін онлайн кездесу «теңізде еркін жүзуді қайта қалпына келтіру, кемелер мен теңізшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аса маңызды жүктердің қозғалысына мүмкіндік беру үшін қолға алуға болатын барлық нақты дипломатиялық және саяси шараны» қарастырады.
АҚШ бейсенбі күнгі кездесуге қатысатын елдердің қатарында жоқ. Трамп бұғаз қауіпсіздігін қамтамасыз ету Американың міндеті емес екенін айтып, АҚШ одақтастарына «өз мұнайыңызды өздеріңіз алыңыздар» деген болатын.
Стармер «қақтығыстар тоқтағаннан кейін» кеме қозғалысының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуге болатынын талқылау үшін көптеген елдің әскери жоспарлаушылары жақын арада жиналатынын мәлімдеді.
Осы арада Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Канада, Жапония және Біріккен Араб Әмірліктерін қоса алғанда 35 ел Ираннан бұғазды жабу әрекеттерін тоқтатуды талап ететін және осы су жолымен қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету үшін «тиісті күш-жігерге үлес қосуға» уәде беретін мәлімдемеге қол қойды.
Бейсенбі күнгі кездесу бұл бағыттағы алғашқы қадам ретінде қарастырылып отыр.