Қыс қаһары Еуропаны шарпыды

Еуропаның кейбір аймақтарында қатты суық ауа толқыны сапарларға кедергі келтіріп отыр.

By
Англияның солтүстігіндегі Пик Дистрикттегі Холм Мосс шыңында қар басқан жол белгісі. 2025 жылдың 7 қаңтары. (МҰРАҒАТ) / AFP

Нидерландыда жүздеген әуе рейсі тоқтатылды, Францияның мұз басқан жолдарында бес адам қаза тапты, ал Ұлыбритания бұл аптада да қысқы қауіп-қатер жалғасатынын ескертті.

Қар мен көктайғақ Нидерландыда жүздеген рейстің тоқтатылуына әкелсе, Франция жолдарында бес адам қаза тапты.

Нидерландыда ел бойынша теміржол желісіндегі ақаулар ақпараттық технология жүйелеріндегі ақаулармен одан әрі ушығып, сейсенбі күні таңертең ішкі пойыз қатынасының барлығы тоқтатылды.

Германияда сейсенбі күні таңертең ерте елдің оңтүстігі мен шығысында ауа температурасы минус 10 градустан (14 Фаренгейт) төмендеді.

Батыс және солтүстік Францияда алты шағын әуежай жабылды.Францияның көлік министрі Филипп Табаро еріген қардың түнде қайта қатып, жолдардағы қауіпті ұлғаятынын ескертті және азаматтарды мүмкіндігінше аз сапарлап, қашықтан жұмыс істеуге шақырды.

Ал Біріккен Корольдікте Метеорология қызметі дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде қысқы ауа- райына байланысты қауіп-қатер апта бойы елдің көп бөлігінде сақталуы мүмкін екенін хабарлады.