ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ердоған Барзанимен аймақтық шиеленіс пен террор қаупін талқылады
Президент Ердоған Анкараның аймақтық қақтығыстарды тоқтату және «Террорсыз Түркия» бастамасын ілгерілету үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Ердоған Барзанимен аймақтық шиеленіс пен террор қаупін талқылады
Ердоған Барзанимен аймақтық шиеленіс пен террор қаупін талқылады / Anadolu Agency

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігінің басшысы Нечирван Барзанимен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы соңғы жағдайды талқылады.

Түркия Республикасы Президенті жанындағы Коммуникация басқармасының “NSosyal” әлеуметтік медиа платформасында жасаған мәлімдемесіне қарағанда, Ердоған келіссөз барысында Түркияның аймақты ұзақ мерзімді апатқа итермелейтін бастамаларға қарсы күресін жалғастыратынын және террорлық ұйымдар мен оларға қарасты топтардың соңғы кездегі қозғалыстары жіті қадағаланып отырғанын айтты.

Ердоған: «Түркия осынау сын сағатта Ирактың жанынан табылады», — деді.

Президент Ердоған сонымен қатар Түркияның аймақтық қақтығыстарды тоқтату және келіссөздер процесіне қайта оралуды қамтамасыз ету үшін қарқынды жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Ердоған мен Барзани әңгіме барысында «Террорсыз Түркия» бастамасының маңыздылығына да тоқталды.

Бұған дейін президент Ердоған Стамбулда өткен Түркі Мемлекеттері Ұйымының бейресми жиыны аясында Түркі Кеңесінің Сыртқы істер министрлерін қабылдаған болатын.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады