ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
Түркия Қорғаныс министрлігі Түрік Қарулы күштерінің НАТО-мен үйлесімді жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
Түрік әскері НАТО одақтастарымен "Patriot" операцияларын үйлестіруде. [Мұрағаттық сурет] / AA

Түркия аймақтағы шиеленіс жалғасып жатқан тұста елдің әуе кеңістігін қорғауға көмектесу мақсатында және НАТО-мен үйлестірілген шаралар аясында елдің шығысында жедел пайдалануға дайын күйге келтірілу үшін “Patriot”  әуе қорғаныс жүйесінің орналастырылып жатқанын хабарлады.

Министрлік: «Өңірімізде болып жатқан соңғы оқиғаларға байланысты шекарамыз бен әуе кеңістігіміздің қауіпсіздігі үшін шара қабылдануда, НАТО және одақтастарымызбен тығыз байланыстамыз», - деді.

Мәлімдемеде ұлттық деңгейде қабылданған шаралармен бірге альянстың өңірлік қорғаныс ұстанымы да күшейтілгені айтылды.

Онда: «Ұлттық деңгейде қабылдаған шараларымызға қосымша ретінде НАТО тарапынан әуе және зымыранға қарсы қорғаныс шаралары күшейтілді», - делінген.

Министрлік: «Осы аяда әуе кеңістігімізді қорғауға қолдау көрсету үшін “Patriot” жүйесі Малатьяда орналастырылып жатыр», - деп мәлімдеді.

Малатья қаласында 2012 жылы НАТО баллистикалық зымырандарды анықтау үшін құрған ерте ескерту радиолокациялық станциясы орналасқан.

НАТО-ның әуе қорғаныс жүйелері дүйсенбі күні Ираннан ұшырылып, Түркияға қарай бағытталған тағы бір зымыранды тосқауылдады. Бұл — соңғы бір апта ішінде ирандық зымырандардың Түркия әуе кеңістігіне екінші рет енуі.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»

Анкара қауіпсіздігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз етіп отыр

Министрлік Түркияның қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерінде НАТО одағымен үйлесімді әрекеттерді жалғастыратынын мәлімдеді.

Мәлімдемеде: «Қорғаныс және қауіпсіздік әлеуетін ең жоғары деңгейде сақтап отырған еліміз НАТО және одақтастарымызбен ынтымақтастық пен кеңесу аясында оқиғаларды бағалауды және өңірлік бейбітшілік пен тұрақтылық үшін күш салуды жалғастыра береді», - делінген.

Бұл мәлімдеме АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы шабуылдары салдарынан өңірлік шиеленіс күшейген кезеңде жасалды.

28 ақпанда Израиль мен АҚШ-тың Иранға бірлескен шабуылдарынан бері жағдай ушығып келеді. Бұл шабуылдарда осы уақытқа дейін Діни көшбасшы Әли Хаменейді қоса алғанда шамамен 1300 адам қаза тапты.

Иран бұл шабуылдарға жауап ретінде Израильге, Иорданияға, Иракқа және АҚШ әскери нысандары орналасқан Парсы шығанағындағы бірнеше елге дрон және зымыран шабуылдарын жасады.

Иран сондай-ақ шамамен 1 наурызда Ормуз бұғазын жапқанын мәлімдеді.

Бұл стратегиялық су жолы қалыпты жағдайда күніне шамамен 20 миллион баррель мұнай тасымалына және жаһандық сұйытылған табиғи газ саудасының шамамен 20 пайызына қызмет көрсетеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр