ЭКОНОМИКА
2 ... минут оқылды
Электрлі көліктер алғаш рет бензинді көліктерден көп сатылды
Белгісіздік пен артып жатқан бәсекелестік жағдайында Еуропада электрлі көліктерді қолданысқа енгізу процесі қарқын алды. "Tesla" компаниясы "BYD" және "Volkswagen" сияқты бәсекелестері алдында нарықтағы үлесінен айрылып барады.
Электрлі көліктер алғаш рет бензинді көліктерден көп сатылды
Электрлі көліктер алғаш рет бензинді көліктерден көп сатылды / Reuters

Мәліметтерге сәйкес, саясаткерлер эмиссия ережелерін жеңілдетуді ұсынған кезеңнің өзінде Еуропа Одағында желтоқсан айында толықтай электрлі автокөліктердің сатылымы алғаш рет бензинді көліктердің сатылымынан басып озды.

Еуропалық автокөлік лоббиі “ACEA” сейсенбі күні жариялаған деректерге қарағанда, АҚШ-та орналасқан “Tesla” компаниясы қытайлық “BYD” және “Volkswagen” сияқты бәсекелестеріне нарықтағы үлесін беріп қойды.

Бүкіл Еуропа бойынша автокөлік сатылымы қатарынан алтыншы ай бойы жылдық негізде өсуін жалғастырды. Тіркеу мәліметтері бойынша, 2025 жылы Еуропада электрлі көліктерге тапсырыс беру соңғы бес жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, алайда сатылым көлемі пандемияға дейінгі деңгейден әлі де едәуір төмен.

Еуропаның автокөлік секторы Қытайдан келген бәсекелестік, АҚШ-тың импорттық тарифтері және ішкі нарықта электрлі көліктерге көшуді тиімді жүзеге асыру сияқты қиындықтарға тап болды.

ЕО желтоқсан айында іштен жанатын қозғалтқышы бар көліктерге қатысты 2035 жылы күшіне енуі тиіс тыйымнан бас тартуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл қадам қиын жағдайда қалған автоөндірушілердің талаптарына көну ретінде бағаланды. Ал электрлі көлік топтары көмірқышқыл газының шығарындыларын шектеу үшін бұл процесті жеделдету керек деп есептейді.

Сарапшылар 2035 жылғы тыйымға қатысты саясаттың жұмсарғанына қарамастан, электрлі көліктердің танымалдығы арта береді деп болжайды.

Сату көрсеткіштері

“ACEA” мәліметтері бойынша, ЕО, Ұлыбритания және Еуропалық еркін сауда қауымдастығында сатылым желтоқсан айында 7,6 пайыз артып, 1,2 миллион көлікке жетті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша сатылым 2,4 пайыз өсіп, 13,3 миллион дананы құрады.

Сол айда “Volkswagen” және “Stellantis” өндірушілеріне сұраныс сәйкесінше 10,2 және 4,5 пайыз артса, “Renault-қа” сұраныс 2,2 пайызға төмендеді.

“Tesla-ға” сұраныс 20,2 пайыз азайса, “BYD-ге” сұраныс 229,7 пайызға күрт өскен.

ЕО-да автокөлік сатылымы желтоқсанда 5,8 пайыз артып, 1 миллионға жуықтады, ал жылдық есепте 1,8 пайыз өсіммен 10,8 миллионға жетті.

Желтоқсан айында батареялы электрлі көліктерге, қуатталатын гибридтерге және гибридті электрлі көліктерге тапсырыс сәйкесінше 51, 36,7 және 5,8 пайыз артты. Бұл көліктер жиынтық түрде ЕО блогындағы тапсырыстардың 67 пайызын құрады.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді