САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Петро: «Колумбияға қауіп төніп тұр»
Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ президенті Трамптың айыптауларын жоққа шығарып, Колумбияның егемендігін «жанымызды салып» қорғаймыз деп уәде берді.
Петро: «Колумбияға қауіп төніп тұр»
Петро: «Колумбияға қауіп төніп тұр» / AP

Колумбия президенті Густаво Петро елінің АҚШ тарапынан есірткіге қарсы күрес деген сылтаумен есірткі саудасымен айналысады деп айыпталып, қорқытылып жатқанын мәлімдеді.

Петро бейсенбі күні Колумбияны нысанаға алған АҚШ президенті Дональд Трамптың сөздеріне жауап беріп, елін «есірткімен күреспейді» деген айыптаулардан қорғады.

Колумбия басшысы ондаған жылға созылған есірткіге қарсы соғыста колумбиялықтардың шеккен ауыр азабына қарамастан елінің әлі де қауіп-қатерде екенін атап өтіп,

«Бізді сынаушылар «Колумбия қазір есірткі саудасына қарсы күреспейді» деп айтады. Бас қолбасшының бұйрығы мынадай: Егемендігімізді жанымызды салып қорғаймыз. Колумбия қорқытуға көнбейді. Бұл қорқытуларды іске асырмақ болғандар Колумбия халқының ішіндегі ягуарды оятады», - деп әскери басшылыққа үн қатты.

Петро есірткі топтарымен күрес деген сылтаумен Кариб теңізінде жүргізіліп жатқан АҚШ операцияларын сынға алып, «Колумбияны қорлайды және халық осының салдарынан зардап шегіп отыр» деген баға берді.

Президент бұған дейін Трампты есірткі өндіретін лабораторияларды жою жұмыстарына куә болуға шақырып, колумбиялық күштердің әр 40 минут сайын бір лабораторияны жойып жатқанын айтқан еді.

Трамп сейсенбі күні «Колумбия кокаин өндіреді. Мұны жасап, оны біздің елге сататындардың бәріне соққы берілуі мүмкін»,- деп мәлімдеген.

АҚШ соңғы айларда Латын Америкасының әр түкпірінде әскери операцияларын кеңейтіп, теңіз әскерлері, соғыс кемелері, жойғыш және бомбалаушы ұшақтар, сүңгуір қайықтар мен ұшқышсыз аппараттар орналастыруда. Вашингтонның айтуынша, бұл операциялардың мақсаты ˗ есірткі тасымалына қарсы күрес және нарко-террористік ұйымдар мен олардың қайықтарын нысанаға алу.

Іздеу
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Индонезия Израильден атысты тоқтатуды талап етті
Сирия Сыртқы істер министрі Шайбани Түркияға келеді
Ресей: «НАТО мен Еуропалық одақ халықаралық терроризмнің бір бөлігіне айналды»
Украина президенті Зеленский Ресейге қарсы жаңа операцияларға рұқсат бергенін мәлімдеді
Иран президенті: «Территория тұтастығымызды қорғаймыз, бірақ соғысты кеңейтуге ниетті емеспіз»
Нетаньяху атысты тоқтатудан бас тартты
Шілде айында Газада 150-ден астам палестиналық қаза тапты
Сирия, БАӘ және Сауд Арабиясы өңірлік қауіпсіздікті талқылады
ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
Иран Иорданиядағы АҚШ-тың әскери базасына шабуылдады
Иран АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирактағы әуе шабуылдарын айыптады
Израиль Батыс Шерияда «Хүда Құран Кәрім» радиосының жұмысын тоқтатты
Ақ Үй алдында шеру өтті
Иран Сыртқы істер министрі әріптестерімен Парсы шығанағындағы ахуалды талқылады
Путин: “Ресей өз мақсаттарына жету үшін бар күшін салады”
Иран балама бағытпен өтпек болған алты кемені тоқтатты