ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Миннесотада көші-қон дауы ушыға түсті
Оқиғалар өткен аптада 37 жастағы Рене Никольдің ұлы Иммиграция және кеден қызметі тарапынан атып өлтірілген соң басталған.
Миннесотада көші-қон дауы ушыға түсті
Федералдық көші-қон қызметкерлері Миннеаполистегі Епископ Генри Уиппл атындағы Федералдық ғимараттың сыртында наразылық білдірушілермен қақтығысты. / AP

Бейсенбі күні кешке АҚШ-тың Миннесота штатында наразылық білдірушілер федералдық құқық қорғау органдарымен қақтығысты. Миннеаполисте қызметкерлердің бір апта ішінде екінші рет қарулы қақтығысқа араласуынан кейін қалада вандализмнің кең тарағаны және химиялық заттардың қолданылғаны туралы хабарлар түсті.

Оқиғаға қатысты кадрларда полицияның көзден жасаурататын газ бен дыбыс гранаталарын қолданғаны, сондай-ақ агенттер пайдаланған болуы мүмкін көлікке қоқан-лоққы сипатындағы жазулар жазылғаны көрінеді.

Қаладағы шиеленіс Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) сәрсенбі күні Иммиграция және кеден қызметі (ICE) агентінің ұстау әрекеті барысында венесуэлалық азаматқа оқ атқаны расталғаннан кейін күшейе түсті.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнематериалдарда федералдық қызметкерлер пайдаланған болуы мүмкін көлікке қызыл бояумен «Жақсы агент — өлі агент» деп жазған адамдар көрінеді.

Терезелері сынған, сыртқы панельдері зақымданған көлік ICE-ке қарсы ұрандармен қапталған.

Полиция басшысы Брайан О’Хара оқиғалардың «заңсыз әрекеттерге» ұласқанын, қызметкерлерге отшашулар лақтырылғанын айтып, осыған байланысты құқық қорғау органдарының көпшілікті тарату үшін дыбыс гранаталары мен көзден жас ағызатын газ қолданғанын мәлімдеді.

“Associated Press” агенттігінің хабарлауынша, бұл оқиғалар өткен аптада АҚШ азаматы, үш баланың анасы, 37 жастағы Рене Николь Гуд ұлын мектепке апарғаннан кейін ICE агенті тарапынан атып өлтірілген соң басталған. Жергілікті билік өкілдері штатқа мыңдаған федералдық агент орналастырылып жатқан жағдайда «өзін-өзі қорғау» ұғымын ақтау ретінде қолдануға болмайтынын айтты.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Президент Ердоған: «Түркия қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып келеді»