САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ирак Эрбильдегі шабуылдардан кейін Ираннан ресми мәлімдеме талап етті
Иран оқиғаға қатысты мәлімдеме жариялауға уәде берді.
Ирак Эрбильдегі шабуылдардан кейін Ираннан ресми мәлімдеме талап етті
Барзани шабуылды айыптаған болатын

Ирак Сыртқы істер министрі Фуад Хусейн Ирак Күрдістан аймақтық үкіметінің премьер-министрі Масрур Барзанидің кеңсесі мен Барлау агенттігі директорының резиденциясы нысанаға алынғаннан кейін Ираннан нақты әрі ресми мәлімдеме жасауды талап етті.

Ирак Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Фуад Хусейн шабуылдардан кейін ирандық әріптесі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті.

Кездесу барысында Хусейн Иранның бұған дейінгі шабуылдарын аймақтағы оппозициялық топтардың болуымен түсіндіріп келгенін айтып, соңғы шабуылда маңызды нысандарға соққы жасалғанын атап өтті.

«Бұл жағдай шиеленістің одан әрі күшеюіне әкеліп, аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіруі мүмкін», – деді ол.

Шабуылды айыптаған Хусейн Тегераннан оқиғаға, шабуылдың артында тұрған тараптарға және оның себептеріне қатысты ресми түсініктеме беруді талап етті.

Аракчи Иранның шиеленісті күшейтіп, тұрақтылықты бұзатын кез келген әрекетке қарсы екенін айтып, оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жариялайтынын жеткізді.

Барзанидің кеңсесіне жасалған шабуыл

Ирак Күрдістан аймақтық үкіметі Терроризмге қарсы күрес бөлімінің жазбаша мәлімдемесінде кеше жергілікті уақытпен сағат 00:28-де Иран тарапынан жарылғыш зат тиелген екі «Hadid-110» дронымен Эрбильдің Салахаддин ауданындағы премьер-министрдің арнайы кеңсесі мен Барлау агенттігі директоры тұратын жерге шабуыл жасалғаны хабарланды.

Шабуылда адам шығыны болмаған.

Ирак Күрдістан аймақтық үкіметінің премьер-министрі Масрур Барзани де «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында шабуылды айыптап, оны аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына тікелей қауіп деп бағалады.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады