МӘДЕНИЕТ
2 ... минут оқылды
Әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалану жастардың психикалық денсаулығын бұзады
Еуропалық Одақ Комиссиясының Ұрпақаралық Әділет, Жастар, Мәдениет және Спорт мәселелері жөніндегі мүшесі Гленн Микаллеф экран алдында өткізілетін уақыттың және әлеуметтік медиа қолданудың шамадан тыс артуы алаңдаушылық тудырып отырғанын айтты.
Әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалану жастардың психикалық денсаулығын бұзады
Әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалану жастардың психикалық денсаулығын бұзады

Микаллеф Страсбургтегі (Франция) Еуропалық Парламенттің (ЕП) Бас Ассамблеясында өткен «Әлеуметтік медиа тудыратын қауіптерден балалардың қауіпсіздігі мен психикалық саулығын қорғау» атты отырыста сөз сөйледі.

Экран алдындағы шамадан тыс уақыт пен әлеуметтік медианы пайдаланудың барған сайын үлкен алаңдаушылық тудырып отырғанын баса айтқан Микаллеф: «Бұл — Еуропада біз бетпе-бет келіп отырған жастардың психикалық саулық дағдарысының басты себептерінің бірі», — деді.

Тек ересектерге арналған мазмұны бар деп көрсетілген платформалар балалардың өз жасына сәйкес келмейтін контентке қол жеткізуіне мүмкіндік берген жағдайда, бұған жауапты болуы керектігін атап өткен Микаллеф порнографиялық сипаттағы 4 интернет сайтына қатысты мәлімет бар екеніне назар аударды.

Микаллеф: «Әрине бұл платформалардың қазір өздерін қорғауға мүмкіндігі мен құқығы бар, бірақ Комиссияның тұжырымдары расталса, біз (ЕО ережелеріне) сәйкес келмеушілік туралы шешім қабылдай аламыз», — деді.

Мүше мемлекеттерді Комиссияның жасты растау цифрлық қосымшасын пайдалануға шақырған Микаллеф 2026 жылдың соңғы тоқсанында жариялануы жоспарланған «Цифрлық ашықтық туралы» заң балалардың онлайн ортада қорғалуын күшейтетінін айтты.

Сонымен қатар Еуропалық Комиссия порнографиялық мазмұндағы 4 интернет сайтының балаларға өз жасына сәйкес келмейтін контентке қол жеткізуге рұқсат беруіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Нағыз бостандық — баланың қауіп-қатерге ұшырамай, тәуелсіз өсуі»

Отырыста сөз алған ЕП-тегі екінші ең үлкен топ — Социалистер мен Демократтар төрағасының орынбасары Алекс Агиус Салиба әлеуметтік медианы шамадан тыс пайдалану балалардың дамуына кері әсер ететінін білдіріп, «Бұл — індет. Шұғыл әрекет ету қажет», — деді.

Парламенттегі «Еуропаны жаңарту» (Renew Europe) тобының жетекшісі Валери Айе де балалардың әлеуметтік медианы пайдалануы салдарынан «қауіп астында» екенін атап өтті.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды