ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Тайвань ірі бұлттық есептеу орталығын іске қосты
Тайвань елдің технологиялық басымдығын күшейтуді мақсат етеді.
Тайвань ірі бұлттық есептеу орталығын іске қосты
"Nano 4" суперкомпьютері Тайваньның жасанды интеллект стратегиясында жетекші рөл атқарады. [Мұрағат суреті] / Reuters

Тайвань президенті Лай Цзин-де жұма күні әлемдегі ең ірі чип өндірушілердің бірі саналатын елдің “егемен жасанды интеллект” бастамасының бөлігі ретінде қуатты суперкомпьютермен жабдықталған жаңа бұлттық есептеу орталығын ашты.

Үкімет оңтүстіктегі Тайнань қаласында орналасқан бұл жаңа орталықтың жасанды интеллектті дамыту жөніндегі күш-жігердің негізгі қозғалтқышына, сондай-ақ жоғары өнімді есептеу, телекоммуникация, бұлт қызметтері және цифрлық контент салаларындағы инновациялық орталыққа айналуын көздейді.

Лай Тайвань телеарналарында тікелей эфирде орталықтың Тайваньның ірі аппараттық өндірушіден “егемен жасанды интеллект” қалыптастыратын “ЖИ аралына” айналуын білдіретінін айтты.

Лай: “Бұл орталық Тайваньның тек жоғары технологиялы чип өндірісіне ғана емес, жүйелік интеграция мен жоғары өнімді есептеу салаларында да әлемдік деңгейдегі қуатқа ие екенін дәлелдейді,”-  деді.

Бұл нысан Тайвань шілде айында жариялаған “Он ірі жасанды интеллект инфрақұрылымы” бағдарламасының құрамында.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Nvidia” чиптердің қауіпсіздігін күшейтті
Іздеу
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті
Түркияның танымал тұлғалары COP31-де климат дағдарысына қарсы әрекет етуге шақырды
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
Түркия Израильдің президент Ердоғанға қатысты мәлімдемесіне наразылық білдірді
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Президент Зеленский: “Соғысты аяқтау АҚШ-тың Ресейге қатысты ұстанымына байланысты”
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш елдерді «Климаттық әділдік келісімін» қабылдауға шақырды