ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады
Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропа таеквондо және паратеквондо чемпионатында 6 алтын, 4 күміс, 12 қола, жалпы 22 медаль жеңіп алып, үшінші рет қатарынан Еуропа чемпионы атанған ұлттық спортшыларды құттықтады.
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған / TRT Balkan

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған әлеуметтік желідегі парақшасында ұлттық спортшыларды құттықтады.

Президент Ердоған: «Еуропа таеквондо және паратеквондо чемпионатында 6 алтын, 4 күміс, 12 қола, жалпы 22 медаль жеңіп алып, үшінші рет қатарынан Еуропа чемпиондығына қол жеткізген ұлттық спортшыларымызды бізді мақтанышқа бөлеген осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймын», – деп жазды.