Украина Ресейдің Туапсе портын нысанаға алды

Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттігі Туапсе портындағы көлік инфрақұрылымы дрон шабуылы салдарынан зақымданғанын мәлімдеді

By
Украина Ресейдің Туапсе портын нысанаға алды

Украинаның Туапсе портына бағытталған ауқымды дрон шабуылы өртке себеп болып, кемінде бір адам қаза тапты. Бұл жағдай 16 сәуірдегі шабуылдан кейін бірнеше сағат өткен соң болды.

Ресейдің мемлекеттік «ТАСС» ақпарат агенттігі дүйсенбі күні Туапсе портындағы көлік инфрақұрылымының дрон шабуылы салдарынан зақымданғанын хабарлады.

Ресейдің оңтүстігіндегі маңызды порттардың бірі саналатын Туапсе  ̶  мұнай өнімдерін экспорттаудың негізгі орталығы. Сондай-ақ көмір мен тыңайтқыш сияқты құрғақ жүк түрлерін де өңдейді. Бұдан бөлек, мұнда «Роснефть» компаниясына тиесілі ірі мұнай өңдеу зауыты орналасқан.

«Туапсе тағы бір ірі дрон шабуылына ұшырады», – деп жазды Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев «Telegram» желісінде.

Кондратьевтің айтуынша, портта бір адам қаза тауып, тағы біреуі жараланған. Ал дрон қалдықтары балабақша мен бастауыш мектептен бастап шіркеу мен тұрғын үйге дейінгі бірқатар қалалық нысанға зақым келтірген.

Ресей Қорғаныс министрлігі түн ішінде 112 украиналық дронның жойылғанын мәлімдеді.