Нигерияда алып қашырылған 300-ден астам оқушының 50-і қашып шықты
Нигерия Христиандар одағы төрағасы Булус Йоханнаның айтуынша, оқушылар қашып, отбасыларымен қайта қауышты.
“Нигериядағы католиктік мектептен өткен аптада алып қашырылған 300-ден астам оқушының 50-і қашып кетті”, — деп хабарлады Нигерия христиан одағы (CAN).
Оқушылар жұма мен сенбі аралығында қашып, ата-аналарымен қайта қауышқанын CAN төрағасы Булус Йоханна хабарлады.
Шіркеу иесі, әрі католик епископы екенін айтқан Йоханна тағы шамамен 253 бала, соның ішінде 12 қызметкер әлі террористердің қолында екенін білдірді.
Жұма күні елдің солтүстік-батысында орналасқан Сент-Мэри мектебінен оқушылар мен мұғалімдер қарулы адамдар тарапынан алып қашырылды. Бұл - мектептерге жасалған шабуылдардың соңғысы. Үкімет осы оқиғадан кейін47 колледжді жабуға мәжбүр болды.
Папа Лео алып қашырылған балалар мен қызметкерлерді дереу босатуды сұрады.
Папа Лео Римде Әулие Петр алаңында сөйлеген сөзінде «Кепілге алынғандарды дереу босатуды шын жүректен өтінемін», — деді.