Террорлық шабуылда қаза тапқан жеті адамның бірі- жоғары дәрежелі полиция қызметкері
Аталған шабуыл - Хайбер Пахтунхва жәнә Белуджистан провинцияларындағы қауіпсіздік күштері мен үкімет нысандарына қарсы күшейіп келе жатқан террорлық шабуылдардың соңғы үлгісі.
Бір шенеуніктің мәліметінше, Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер Пахтунхва провинциясында жасалған террорлық шабуыл нәтижесінде ішінде аға полиция қызметкері де бар кемінде бес полицей мен екі бейбіт тұрғын қаза тапты.
Ішкі істер министрі Мохсин Нақви сейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде күдікті қарулы адамдардың Хайбер Пахтунхваның Қохат ауданында полиция көлігіне шабуыл жасағанын атап өтті, сондай-ақ шабуыл кезінде Аға полиция бастығының орынбасары Асад Махмұд пен төрт полиция қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады.
Кохат аудандық полиция бастығы Шехбаз Елахи өз мәлімдемесінде шабуыл барысында екі бейбіт тұрғынның да өмірден өткенін және үш адамның жарақат алғанын жеткізді.
Өткен апта ішінде солтүстік-батыстағы Хайбер Пахтунхва мен оңтүстік-батыстағы Хайбер Пахтунхва мен оңтүстік-батыстағы Белуджистанда террористермен болған қақтығыстар және қауіпсіздік операциялары кезінде ішінде аға армия офицері де бар кемінде он алты қауіпсіздік қызметкері қаза тапты.
Әскери ведомствоның мәліметіне сәйкес, аталған операциялар мен шабуылдар барысында елу үш күдікті террорист те жойылды.
Хайбер Пахтунхва мен Белуджистанда қауіпсіздік күштерін, құқық қорғау органдарын және мемлекеттік мекемелерді нысанаға алған жарылыстар мен шабуылдарға байланысты соңғы жылдары Пәкістанда террорлық оқиғалардың саны айтарлықтай өсті.