Болсонарудың жазасы қысқарады

Бразилия Конгресіндегі дауыс беру Жаир Болсонарудың түрме жазасын қысқартуы мүмкін. Болсонарудың заңгерлері денсаулық жағдайы және гуманитарлық себептермен үй қамаққа ауыстыруға өтініш берді.

By
Болсонарудың жазасы қысқарады / Reuters

Сәрсенбі күні таңертең Бразилия Конгресінің төменгі палатасы төңкеріс ұйымдастырғаны үшін 27 жылға бас бостандығынан айрылған бұрынғы президент Жаир Болсонарудың жазасын қысқартуы мүмкін заң жобасын мақұлдады.

Егер бұл жоба Сенатта да қабылданса, қараша айының соңынан бері қамауда отырған 70 жастағы асыра оңшыл көшбасшының жазасы екі жылға дейін қысқаруы ықтимал.

Болсонарудың адвокаттары сейсенбі күні бұрынғы Бразилия президентін хирургиялық процедура үшін түрмеден ауруханаға ауыстыруды сұрады.

Адвокаттар сондай-ақ бұрынғы президенттің жазасын үй қамағында өтеу жөніндегі талаптарын да қайта көтерді.

Болсонару өткен ай 2022 жылғы сайлауда жеңілгеннен кейін орнына келген президент Луис Инасиу Лула да Силваға қарсы төңкеріс жоспарлағаны үшін берілген жазасын өтей бастаған болатын.