Сирия Түркиядан ресми қолдау сұрады
Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі: «Біз Сирияның қорғаныс қабілетін арттыру үшін оқу-жаттығу өткізу, кеңес беру және техникалық қолдау көрсету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,- деді.
/ AA Archive
Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні Сирияның қорғаныс қабілетін арттыру, әсіресе ДАИШ-ке қарсы және лаңкестікпен күресу үшін Түркиядан ресми түрде қолдау сұрағанын хабарлады.
Мәлімдемеде «Осы өтінішке сәйкес Сирияның қорғаныс қабілетін арттыру үшін оқу-жаттығу өткізу, кеңес беру және техникалық қолдау көрсету бойынша күш-жігеріміз жалғасуда», - делінген.
Министрлік сондай-ақ Түркияның басты мақсаты Сирияның саяси бірлігі мен аумақтық тұтастығын қолдау және аймақта тұрақты бейбітшілік орнату жолында жетекшілік ету екенін атап өтті.