ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түрік Қызыл жарты ай ұйымының бүгінге дейін аймаққа 26 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізгенін айтып, «Нетаньяху бастаған сионист топтың шабуылдары әлі де жалғасуда», - деді.
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған / AA

Бейсенбі күні Анкарада өткен Түрік Қызыл жарты ай ұйымының марапаттау рәсімінде сөз алған президент Ердоған ұйымның гуманитарлық қызмет арқылы әлемнің түрлі қақтығыс аймақтарындағы бауырлас халықтардың жадында ерекше орын алғанын айтты.

«Түрік Қызыл жарты ай ұйымы Палестина, Босния, Ауғанстан, Сомали, Ирак және Сирияда атқарған жұмыстарымен бауырларымыздың жадынан ерекше орын алды», – деді президент.

Ол Газадағы жұмыстарға тоқталып, «Ұйым Нетаньяху бастаған сионист топтың шабуылдары жалғасып жатқан Газаға 26 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді», – деді.

Сондай-ақ Ердоған 7 қазаннан бері Қызыл жарты ай ұйымының Газа халқына қолдау көрсетіп, 30 мың адамға ыстық тағам таратқанын атап өтті.

«Түркия езілген халықтарға көмек қолын созып, басқыншы топтың заң мен тарих алдында жауап беруі үшін бар күш-жігерін жұмсауды жалғастырады», – деген Ердоған нацистік Германия басшысының жолын қуып жүргендерге ескерту жасады.

«Бүгінде Гитлердің жолымен жүргендер ұмытпасын! Егер осы бағыттан таймаса, олардың тағдыры да тарихтағы өзге зұлымдардың тағдыры сияқты болады», – деді ол.

Ердоған сондай-ақ қазіргі басшылық тұсында Израильдің шикізаты қан мен көз жасы екенін,  елдің тұрақсыздық фабрикасына айналғанын жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
Іздеу
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Трамп: "Бүгін кешке Иранды қатты соққыға аламыз деп ойлаймын"
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады