Ослода қарулы шабуыл жасалды
Жараланғандар туралы ақпарат жоқ.
Армия Ослодағы Акерсгата көшесіндегі қоршалған аймақтың жанында күзетіп тұр. МҰРАҒАТ. / Reuters
Норвегия полициясы Ослодағы ірі сауда орталығы қарулы шабуылдан кейін келушілердің эвакуацияланғанын және күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.
Дүйсенбі күні Осло полициясы: «Сауда орталығы тексерілді, жараланғандар жоқ», - деп хабарлады.
Оқиға Ослоның солтүстігіндегі “Storo” сауда орталығында болған. Полицияның айтуынша, мылтықтан бір рет оқ атылған. Оқиғаның себебі мен басқа да мәліметтер әзірге белгісіз.
Полиция шабуылдаушының жалғыз өзі әрекет еткенін айтып, күдіктінің қамауға алынғанын хабарлады. Күдіктінің аты-жөні жарияланбады..