АҚШ армиясы «нақты келісім» толық орындалғанға дейін Иран және оның айналасынан кетпейді
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жасалған келісім бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда «бұдан да ауқымды, бұдан да қуатты, бұдан да қатал» әскери жауап берілетінін ескертті.
“Truth Social” әлеуметтік желісіндегі жазбасында Трамп қосымша оқ-дәрі мен қару-жарақпен бірге барлық америкалық кеме, ұшақ және әскер «қол жеткізілген НАҚТЫ КЕЛІСІМ толық орындалғанға дейін Иранның ішінде және айналасында өз орындарында қалады» деді. Сондай-ақ ол: «Егер қандай да бір себеппен бұлай болмаса, ал мұндай ықтималдық өте төмен, онда “Қақтығыстар басталады”, әрі ол бұған дейін ешкім көрмегендей ауқымды, қуатты және қатал болады», - деп жазды.
Трамп бұдан бөлек «ядролық қарудың болмауы» жөніндегі келісімге «әлдеқашан, баяғыда» қол жеткізілгенін айтып, «оған қайшы келетін барлық жалған мәлімдемелерді» жоққа шығарды.
Трамп: «Ядролық қару болмайды, ал Ормуз бұғазы ашық әрі қауіпсіз болады. Ал осы аралықта біздің ұлы Әскеріміз ҚАРУЛАНЫП жатыр және ДЕМАЛЫП жатыр, шын мәнінде келесі ЖЕҢІСІН асыға күтіп отыр», - деп жазды.
Иран мен АҚШ сейсенбі күні 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бастаған, аймақ бойынша мыңдаған адамның қаза табуы мен жаралануына әкелген соғысты тоқтатуға бағытталған түпкілікті келісімге жол ашуды көздейтін екі апталық бітім туралы жариялады.
Бұл мәлімдеме Трамптың Иранға Ормуз бұғазын қайта ашып, келісімді қабылдау үшін берген мерзімінің аяқталуына екі сағаттан аз уақыт қалғанда жасалды. Трамп «тұтас бір өркениетті жойып жібереміз» деп қоқан-лоқы жасаған болатын.