ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
Түркия Президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы Конрад-Аденауэр-Штифтунг ұйымымен бірлесіп, «2026 Анкара саммитіне апарар жол: Еуроатлантикалық қауіпсіздікті қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті

Түркия Президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының жазбаша мәлімдемесінде НАТО саммитінің 7–8 шілдеде Түркияның ұйымдастыруымен Анкарада өтетіні еске салынды.

Саммитке дейін Коммуникация басқармасы арқылы Еуропадағы әртүрлі одақтас елдің астаналарында іс‑шаралар өткізіліп жатқандығы атап өтілген мәлімдемеде төмендегідей ақпарат берілді.

Іс‑шаралар аясында Германияда орналасқан» Конрад-Аденауэр-Штифтунг ұйымымен бірлесіп «2026 Анкара саммитіне апарар жол: Еуроатлантикалық қауіпсіздікті қалыптастыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Жиында Түркияның Германиядағы елшісі Гөкхан Туран, Түркия президентінің бас кеңесшісі елші Акиф Чагатай Кылыч, НАТО Ассамблеясының мүшесі Огуз Үчүнджү мен Конрад-Аденауэр-Штифтунг ұйымының бас хатшысы Марк Шпайх сөз алды. Сондай-ақ отырыста Түркияның НАТО‑ға көзқарасы мен халықаралық мәселелер талқыланды. Отырыс модераторы Конрад-Аденауэр-Штифтунг ұйымының Орта Шығыс директоры Томас Вольк болды.

Конрад-Аденауэр-Штифтунг кампусында өткен жиынға әртүрлі мекемеден саясаткерлер, бюрократтар мен сарапшылар қатысып, НАТО‑ның болашағы мен Түркия–НАТО қатынастарына қатысты пікір білдірді.

Жиында Түркия–Германия ынтымақтастығын, әсіресе қорғаныс өнеркәсібі саласында және басқа да бағыттарда дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Ресей–Украина соғысы мен Таяу Шығыста шиеленіскен дағдарыстардың белгісіздігіне тоқталып, НАТО‑ның мүше елдерге ұсынатын қауіпсіздік қалқанының бұрынғыдан да шешуші рөл атқаратыны айтылды.

Сонымен қатар Түркияның НАТО‑ға деген көзқарасы да талқыланып, елдің одаққа қосылған күннен бастап көрсеткен әскери және саяси үлестері мен атқарған стратегиялық миссиялары бағаланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - НАТО Анкара саммитінен нақты нәтиже күтеді
Іздеу
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді