ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Дональд Трамп Президенттік кешенде мәлімдеме жасады.
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Президент Ердоған АҚШ президенті Трампты қарсы алды

АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге тоқталған президент Ердоған: «Қадірлі досыммен (Трамп) Анкарада бас қосу бізге ерекше күш берді. Бұл сапардың қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өткім келеді», — деді.

Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы дипломатиялық күш-жігерге тоқталған Ердоған: «Иран-Америка қарым-қатынастарын қалай оңтайлы арнаға түсіреміз деген ізденіс үстіндеміз. Қолдан келгеннің бәрін жасай отырып, әлемдік бейбітшілікке қадам басу үшін жұмыс істеп жатырмыз», — деген пікір білдірді.

Газадағы жағдай мен аймақтық бейбітшілікке байланыстын президент Ердоған: «(Газа бойынша) Қадірлі досыммен (Трамп) ақылдаса отырып, аймақтағы бейбітшілікті орнату тұрғысынан бұл Көшбасшылар саммитіне үлкен мән береміз», — деп атап өтті.

«F-35 мәселесі біз үшін жаңа тақырып емес»

F-35 үдерісіне қатысты баға берген Ердоған бұл мәселенің тарихына тоқталып, «F-35 мәселесі біз үшін жаңа тақырып емес, бұны біз Америкамен бұған дейін де талқылағанбыз және бізге 5 ұшақ бойынша уәде берілген болатын», — деді. Саммиттен күтетін үмітін білдірген Ердоған: «Иншалла, F-35 мәселесінде бұл Көшбасшылар саммитінен игі шешім шығатынына сенемін», — деген мәлімдеме жасады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"

«Ресей-Украина бағытында өзгерістерге қарай қадам басамыз»

Кездесуде талқыланатын басқа да аймақтық мәселелерге тоқталған Ердоған: «(Трамппен) Біз Ресей мен Украина арасындағы жағдайларды да осы жерде қадірлі досыммен талқылаймыз және соған сәйкес қадамымызды басамыз», — деді.

«Саммиттен қуатты нәтижемен шығамыз»

Сөзінің соңында НАТО аясындағы серіктестіктің маңыздылығын баса айтқан президент Ердоған: «НАТО-дағы екі маңызды ел ретінде Көшбасшылар саммитінен ынтымақтастық ішінде қуатты нәтижемен шығамыз және бұған қол жеткізетінімізге сенеміз», — деп сөзін қорытындылады.

Іздеу
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды