САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Болгария премьер-министрі отставкаға кетті
Соңғы сайлау 2024 жылдың қазан айында өткен болатын.
Болгария премьер-министрі отставкаға кетті
Болгария премьер-министрі Росен Желязков үкіметінің отставкаға кететінін жарияламас бұрын БАҚ-қа сөйлеп тұрған сәті. София, Болгария. / Reuters

Болгария премьер-министрі Росен Желязков бірнеше аптаға созылған жаппай көше толқулары, сондай-ақ экономикалық саясат пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әлсіздігі үшін үкіметінің отставкаға кеткенін мәлімдеді.

Желязков бейсенбі күні теледидар арқылы жасаған үндеуінде отставка туралы хабарлады.

Отставка Болгарияның 1 қаңтарда еуро аймағына қосылуына аз уақыт қалғанда жасалды.

Желязков үкіметтің отставка жөніндегі шешімін жариялай отырып, «Коалициямыз жиналып, қазіргі жағдайды, біз тап болып отырған қиындықтарды және жауапкершілікпен қабылдауға тиіс шешімдерді талқылады», -деді.

Сәрсенбі кешінде Софияда және Болгарияның өзге де көптеген қала­сында мыңдаған азамат сыбайлас жемқорлықтың кең таралуына және бірінен соң бірі келген үкіметтердің бұл мәселені шеше алмауына деген наразылықтарын білдіру үшін жиналды.

Өткен аптада наразылықтарға байланысты Желязков үкіметі еуроға негізделген алғашқы бюджет жобасы саналатын 2026 жылға арналған бюджет жоспарын қайтарып алған еді.

Оппозициялық партиялар бұл наразылықтарды мемлекеттік шығындарды арттыру мақсатында әлеуметтік сақтандыру жарналарын және дивиденд салығын көтеру жоспарына қарсы ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Іздеу
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"