САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Дональд Трамп пен Си Цзиньпинмен кездесті
АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық әріптесі Си Цзиньпинге: «Қытайды және атқарып отырған қызметіңізді құрметтеймін. Сіз – тамаша көшбасшысыз», - деді.
Дональд Трамп пен Си Цзиньпинмен кездесті
Дональд Трамп Си Цзиньпинмен кездесті / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Бейжіңде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесуде АҚШ пен Қытай арасындағы қатынастардың болашағына қатысты оң көзқарас білдіріп, екіжақты байланыстардың бұрын-соңды болмаған деңгейде жақсаратынын айтты.

Трамп Қытай басшысымен жеке қарым-қатынасының жақындығын атап өтіп, Халық сарайында өткен салтанатты рәсімде Си Цзиньпинге жоғары баға берді.

Ол: «Қытайды және атқарып отырған қызметіңізді құрметтеймін. Сіз – тамаша көшбасшысыз. Сіздің досыңыз болу  ̶  мен үшін мәртебе», – деді.

Ал Си Цзиньпин Дональд Трамппен маңызды мәселелерді талқылап, Қытай мен АҚШ арасындағы қатынастарды дұрыс арнаға бағыттау арқылы болашақ үшін жаңа қадам басуды қалайтындарын айтты.

Екі көшбасшының кездесуі сауда және іскерлік байланыстарды кеңейту мәселесіне арналды. Өңірлік қауіпсіздік мәселелері де күн тәртібінде болды. Сондай-ақ АҚШ пен Израильдің 28 ақпанда басталған Иранға қарсы шабуылдарынан кейін Таяу Шығыстағы шиеленіс талқыланды.

Атысты тоқтату режиміне қарамастан Қытай тараптарды диалог жүргізуге шақырды. Ал Вашингтон Бейжіңді Иранның әскери және экономикалық инфрақұрылымын қолдады деп айыптаған болатын.

Дональд Трамп делегациясының құрамында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио, Пентагон басшысы Пит Хегсет, сондай-ақ «Tesla», «NVIDIA» және «Apple» секілді ірі америкалық компаниялардың бас директорлары бар.

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ пен Қытай Сеулде сауда мәселелерін талқылады

Дональд Трамп 2017 жылы Қытайға ресми сапармен барған болатын.

Іздеу
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі