ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен экономикалық келісімге қол қояды
Түркия Республикасының вице-президенті Жевдет Йылмаз Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен (СКТР) байланыстардың қарапайым қарым-қатынас емес екенін айтып, Анкараның кепілгер мемлекет ретінде СКТР-ға қолдауын қайталады.
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен экономикалық келісімге қол қояды
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасымен экономикалық келісімге қол қояды / Anadolu Agency
13 Ақпан 2026

Вице-президент Жевдет Йылмаз Түркия мен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ынтымақтастығы жалғасатынын және наурыз айының соңына дейін жаңа экономикалық келісімге қол қоятынын мәлімдеді.

Бейсенбі күні Анкарада СКТР премьер-министрі Үнал Үстелмен кездескеннен кейін журналистерге сұхбат берген Йылмаз келіссөздерді нәтижелі деп бағалап, жаңа экономикалық және қаржылық ынтымақтастық аясында жұмыстардың жалғасып жатқанын айтты.

Йылмаз: «Мақсатымыз айқын. Біз СКТР-дың болашағын гүлдендіргіміз келеді», -деді.

Түркия мен СКТР арасындағы қатынастардың екі ел арасындағы қарапайым байланыстар емес екенін атап өткен Йылмаз кепілгер мемлекет ретінде Түркияның СКТР-ды қолдауды жалғастыратынын жеткізді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасы парламентінің шешімін құптады

Сондай-ақ Йылмаз қазіргі ынтымақтастық хаттамасының тиімді жүзеге асырылып жатқанын және екі тараптың да наурыз айының соңына дейін жаңа келісім бойынша келіссөздерді аяқтауды көздеп отырғанын айтты.

Вице-президент Кипр мәселесіне қатысты кез келген шешім аралдың ақиқатына, екі мемлекет пен екі халық қағидатына және егемендік принципіне негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Йылмаз: «Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мен Түркия мәңгілік ынтымақтастық рухында өз жолын жалғастыра береді. Өңірімізде түрлі ойын ойнауға тырысқандар болса да, аймақтағы шынайы жағдай олардың тұзақтарын іске асырмайды», - деп қосты.

Кездесуден кейін сөз сөйлеген СКТР премьер-министрі Үнал Үстел де Грекия, Израиль және Оңтүстік Кипр грек әкімшілігі арасында жасалған қорғаныс хаттамасына тоқталып, соңғы өңірлік оқиғаларға баға берді.

Үстел Грекия, Израиль және Оңтүстік Кипр грек әкімшілігінің қорғаныс келісіміне қол қойғаннан кейін қаруланғанын және жаңа қорғаныс құралдарын көрсету үшін бұқаралық ақпарат құралдарында насихатты жалғастырып жатқанын айтты.

Кипр түріктерінің жалғыз емес екенін атап өткен Үстел Түркия СКТР-дың тарихи отаны ретінде әрдайым жанында екенін жеткізді.

Премьер-министр үшжақты қорғаныс ынтымақтастығына сілтеме жасап, «Олар не істесе де, уақыты келгенде біз де оларға дәл сондай күшпен және дәл солай жауап беретінімізге еш күмәніміз жоқ», - деді.

Үстел аралда екі халық пен екі мемлекет бар екенін тағы да қайталап, кез келген шешім осы ақиқатқа негізделуі керек екенін айтты.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Кувейттегі АҚШ әуе базасының маңында әскери ұшақ құлады
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты