САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Жапония мерзімінен бұрын сайлау өткізбек
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити ақпан айының басында өтуі мүмкін сайлау жөнінде жоспарларын жарияламақ.
Жапония мерзімінен бұрын сайлау өткізбек
LDP ондаған жыл бойы Жапонияны басқарғанымен, көшбасшылар жиі ауысып тұрды. / Reuters
19 Қаңтар 2026

Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу жоспарын дүйсенбі күні ресми түрде жарияламақ.

Yomiuriгазеті мен өзге де БАҚ-тың хабарлауынша сайлау 8 ақпанда өтуі мүмкін деп күтілуде.

LDP ондаған жыл бойы Жапонияны басқарып келеді, алайда партия ішінде басшылар жиі ауысқан.

Такаити қазан айында премьер-министр қызметіне кірісті, ал оның кабинеті партиясының танымалдығы біртіндеп төмендеп бара жатқанына қарамастан қоғамдық пікір сауалнамаларында жоғары бағалануда.

Қытаймен шиеленіс

Сарапшылардың пікірінше, мерзімінен бұрын сайлау Такаитиге ел ішінде мықты қолдауға ие екенін көрсетіп, Қытаймен арадағы шиеленісті еңсеруге көмектесуі мүмкін.

Токио мен Пекин арасындағы қатынастар Такаитидің қараша айында Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, Жапонияның әскери тұрғыда араласуы мүмкін екенін білдіргеннен кейін нашарлады. Тайвань — Қытай өзіне тиесілі деп санайтын, өзін-өзі басқаратын арал.

ҚатыстыTRT Қазақ - Қытай мен Жапония аралдар жөнінде бірін бірін айыптап отыр

Алайда Ұлттық саясатты зерттеу жоғары институтының деканы Микитака Масуяма егер Такаити жеңіске жетсе, Қытайдың оған қысымды одан әрі күшейтуі мүмкін екенін ескертті.

Жуырда Қытай Жапонияға әскери мақсатта да қолдануға болатын «қос мақсатты» тауарлардың экспортын кең көлемде шектейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ электромобиль мен зымыран өндірісінде аса маңызды саналатын сирек жер металдарының экспорты ішінара тоқтатылғаны хабарланды.

Asahi газетінің сауалнамасына сәйкес, респонденттердің 60 пайызы Жапония–Қытай қатынастарының нашарлауы экономикалық салдарға әкеледі деп алаңдайтынын айтқан болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Жапония премьер-министрі Қытайды келіссөз жүргізуге шақырды
ҚатыстыTRT Қазақ - Жапонияда алғашқы әйел премьер-министр сайланды
Іздеу
Президент Ердоған: «Иран мен АҚШ келіссөздеріне араағайын болуға дайынбыз»
Әзербайжан мен Армения сауда байланыстарын арттырмақ
Пәкістанда қаза тапқандар саны 250-ге жетті
Ява аралында болған жер көшкіні салдарынан 85 адам қаза тапты
Түркия Суданның егемендігіне қолдауын растады
Украина, Ресей және АҚШ өкілдері Абу-Дабиде кездеседі
Сауд Арабиясы-Түркия инвестициялық форумы өтті
Норвегия премьер-министрі Трамптың НАТО туралы мәлімдемелеріне қарсы шықты
Польшада қару-жарақ қоймасына дрон құлады
Еуропаның тәуелсіздігін күшейтуге үндеді
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Сирия қауіпсіздік күштері YPG-мен жасалған келісімге сәйкес Камышлыға кірді
Жапонияда қалың қар салдарынан 30 адам қаза тапты
Түркия президенті Ердоған Сауд Арабиясы мен Мысырға барады
Президент Ердоған Орталық банкке жаңа төраға орынбасарларын тағайындады