ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Испанияның қорғаныс компаниялары келісімге қол қойды
Келісім екі елдің қорғаныс өнеркәсібі компаниялары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді.
Түркия мен Испанияның қорғаныс компаниялары келісімге қол қойды
Түркия мен Испанияның қорғаныс компаниялары келісімге қол қойды / AA

Түркияның «OSTİM» Қорғаныс және авиация кластері (OSSA) сәрсенбі күні мәлімдегендей, түрік және испан қорғаныс өнеркәсібінің өкілдері Парижде өткен «Eurosatory» қорғаныс көрмесінде стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Мәліметке сәйкес, қол қою рәсімі Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының көрме алаңында өткен. Оған басқарма төрағасының орынбасары Гөкхан Учар және сала өкілдері қатысты.

Келісім алдағы уақытта Анкара мен Валенсияда өтетін қорғаныс және авиация саласындағы іс-шараларға негіз болмақ.

Алғашқы хаттамаға «Next Generation Fairs» компаниясының бас директоры Ердал Уста мен «Feria Valencia» компаниясының бас директоры Мариано Клементе қол қойды. Құжаттың мақсаты – екі елдің көрме ұйымдастыру және салалық іс-шаралар өткізу тәжірибесін біріктіру.

Сондай-ақ түрік және испан қорғаныс экожүйелері арасындағы өңірлік және салалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында екінші өзара келісімге де қол қойылды.

Келісімге «OSSA» төрағасы Ибраһим Ярсан мен Валенсия үкіметінің хатшысы әрі Өнеркәсіп министрінің орынбасары Фелипе Карраско қол қойды.

Келісім екі елдің шағын және орта кәсіпорындары мен бас мердігерлері арасындағы ықпалдастықты жеделдетуді, жеткізу тізбектері, технология трансфері және бірлескен өндіріс салаларындағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Ибраһим Ярсан бұл келісімнің халықаралық нарыққа шығу стратегиясы тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Түркияның жоғары өндірістік әлеуетке ие шағын және орта кәсіпорындарын испандық мердігерлермен және жаһандық жеткізу тізбектерімен неғұрлым тиімді байланыстыру көзделіп отыр.

Ярсанның сөзінше, Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының қолдауымен жүзеге асқан бұл қадам тек коммерциялық байланыс орнатумен шектелмей, технология алмасу мен бірлескен өндіріс үшін ұзақ мерзімді көпірге айналмақ.

Ол ынтымақтастықтың алғашқы нақты нәтижелері 14–16 қазанда Анкарада өтетін «IDA Tүркия» қорғаныс және авиация өнеркәсібіндегі ынтымақтастық күндерінде көрінетінін айтты.

Сондай-ақ бұл серіктестік 2027 жылғы 22–24 қыркүйекте Валенсияда өтетін  «IDA Испания» қорғаныс және авиация өнеркәсібіндегі ынтымақтастық күндері форумымен жалғасады.

Қол қойылған хаттамалар екі елдің қорғаныс және авиация салаларындағы нарықтық үлесін арттыруға, сондай-ақ бірлескен өндіріс пен технологиялық ынтымақтастық әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді