Әтір сүйгіштерге Париж нұсқаулығы
МӘДЕНИЕТ
3 минут оқылды
Әтір сүйгіштерге Париж нұсқаулығыЭксклюзивті дүкендер, интерактив шеберханалар мен сәнді сауда орталықтарымен Париж әтір сүйгіштер үшін нағыз жұмақ.
12 Наурыз 2025

Париж тек әлемнің сән астанасы ғана емес, сонымен қатар хош иіссүйер қауым үшін ерекше мекен. Жыл сайын шамамен 100 миллион турист қабылдайтын бұл қаланың хош иіс өндіру мұрасы тереңде жатыр және оны зерттеуге, сатып алуға тіпті өзіңіздің жеке иісіңізді жасауға сансыз мүмкіндік береді.

Хош иістерге құмар және жылдар бойы мінсіз әтірді іздеген коллекционер ретінде әлемдегі ең беделді хош иіс орталығына бару идеясы мені шабыттандырды.

Сапар алдында ең қызықты орындарды табу үшін мұқият зерттеу жүргіздім. Барлық қажетті мәліметтерді жинап, мінсіз әтір турын жоспарладым.

Әрине қазір кез келген әтірге интернет арқылы тапсырыс беруге болады, бірақ егер сіз әтір әлеміне тереңірек үңілгіңіз келсе және ұмытылмас әтір сапарына шыққыңыз келсе, Париждегі келесі орындар сізге арналған.

“Galeries Lafayette Haussmann”: әтір әлемі

Әтір сапарыңыз үшін ең жақсы орындардың бірі – Париждің жүрегінде орналасқан “Galeries Lafayette Haussmann”. Оның таңғажайып витражды күмбезінің астында “Guerlain”, “Chanel” және “Dior” сияқты сәнді әтір дүкендерін аралай аласыз. Егер сіз бір жерде ең таңдаулы хош иістерді сезінгіңіз келсе, бұл орын сіз үшін.

“Niche Perfumery”: Сирек және ерекше әтірлер

Егер сіз негізгі әтірлерден бөлек өзгеше әтір іздесеңіз, “Jovoy” және “Nose” дүкендеріне міндетті түрде баруыңыз керек. “Stephane Humbert Lucas”, “Xerjoff”, “Orto Parisi” және “Nishane” сияқты брендтер орналасқан бұл дүкендер парфюмерия әлемінің ең ерекше иістерін ұсынады.

Егер сіз одан да ерекше әтір іздесеңіз, “Dover Street Market Paris”-ке барыңыз. Бұл концепт-дүкенде сіз нарықта оңай табылмайтын авангардтық хош иістер таба аласыз.

“Fragonard” әтір мұражайы: хош иіс тарихына саяхат

Хош иіс тарихы мен шеберлігін тереңірек түсіну үшін “Fragonard” хош иіс мұражайына барыңыз. Кішкентай болғанымен бұл мұражай ескі әдістерден бастап заманауи инновацияларға дейінгі әтір өндірісінің эволюциясын көрсететін қызықты экспонаттарға толы. Сонымен қатар экскурсия соңында сіз “Fragonard” эксклюзивті хош иістерін сатып ала аласыз.

Париждегі әтір дүкендері: әтір сүйгіштерге арналған көшелер

Егер сіз сәнді әтір бутиктерге толы көшелерді аралағыңыз келсе, “Rue Saint-Honoré” және “Rue des Francs-Bourgeois” көшелеріне барыңыз. Бұл көшелерде “Creed”, “Serge Lutens”, “Penhaligon’s” және “Balmain” сияқты беделді әтір үйлері орналасқан. Бұл көшелерде серуендеу сізді мәңгілік талғампаздық пен ерекше иіс әлеміне жетелейді. Ерекше тәжірибе үшін “Officine Universelle Buly”-ға барыңыз. Бұл хош иіс дүкені сізді XVIII ғасырдағы Францияға апарады. Парижде бірнеше түпнұсқа бутиктері бар “Officine Universelle Buly” су негізіндегі хош иістерімен, ерінге арналған бальзамдарымен, тарақтарымен және эстетикалық өнім дизайнымен танымал. Бұл марка әлеуметтік желілерде де танымал.

Әтіріңізді дайындаңыз: арнайы шеберханалар

Мұнда сіз хош иісті араластыру өнерін үйреніп, сіздің ерекшеліктеріңізді ашатын бірегей парфюмерия дизайнын жасай аласыз.

Парижде “Molinard”, “Galimard” және “Fragonard” сияқты беделді брендтер ұйымдастырған көптеген шеберлік сабағы өтеді. Мұнда сіз әтір жасауды үйреніп, өзіңіздің бірегей әтіріңізді дайындай аласыз. Бұл жаңадан бастағандар үшін де, тәжірибелі парфюмерия әуесқойлары үшін де ерекше естелік болатыны сөзсіз.

Париж – хош иістерге құмар жандар үшін арман мекені. Сәнді бутиктерден бастап парфюмерияға дейін, хош иіс тарихын зерттейтін мұражайлардан өз шедевріңізді жасай алатын шеберханаларға дейін қала хош иісті табуда шексіз мүмкіндік ұсынады.

Келесі Париж сапарыңызда мұрныңызды хош иіске бағыттаңыз. Мүмкін сол уақытта сіз іздеген тамаша әтіріңізді табасыз.

Іздеу
"TRT World" видеолары "Lovie Awards" финалына шықты
АҚШ-та түрік симитіне қызығушылық артып келеді
Гөбеклитепе жәдігерлері Германияда арнайы көрмеде көпшілікке ұсынылмақ
Брэд Питт пен Хоакин Феникс Газа туралы фильмнің продюсерлік құрамына енді
Ирландиялық "Fontaines DC" тобы Стамбулдағы алғашқы концертінде Палестинаға қолдау көрсетті
Итамар Бен-Гвир әл-Ақса мешітінде ән айтып, би билеуге рұқсат берді
Түркия Римде  мәдени қазыналарын ұсынады
Қажылыққа өзіммен бірге не алып барамын?
«TRT World» арнасы «Telly-2025» сыйлығын алды
Газалық ақын Мусаб Абу Тоха Пулитцер сыйлығын жеңіп алды
Осман Хамди Бейдің картинасы Лондондағы аукционда 1 миллион фунтқа сатылды
Мысырда 3 500 жылдан астам тарихы бар патшалық қабір табылды
«Айд-е-Гулаби»: Ұлы Моғол империясындағы Холи мерекесі
Гамбург Мосулдың алғашқы жылжымалы кітапханасына шабыт болды
Имам Ғазали мазары құлау алдында тұр
Мысырдағы Хатшепсут ғибадатханасынан жаңа артефактілер табылды
Оксфорд 2024 жылдың « Жыл сөзін» жариялады: «Мидың шіруі»
Лувр мұражайында тарихи жөндеу: «Мона Лизаға» арналған арнайы бөлме
Ислам алтын ғасырының «көпқырлы ғұламасы» — Бируни
Дөнер кәуап түрік иммигранттарының тарихынан сыр шерте ме?