ЕО Ресейге жаңа санкция дайындауда
Мәскеу "үстірт" шешімдерден сақтандырады, ал Брюссель Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетін мақұлдауға қарай қадам басуда.
ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кая Каллас одақтың Ресейге қарсы 19-санкциялар пакетін осы аптада бекітуі мүмкін екенін айтты.
Ресей Сыртқы істер министрлігі дүйсенбі күні Украинадағы соғысты тоқтату үшін жасалатын кез келген бейбіт келісім қақтығыстың «негізгі себептерін» қарастыруы тиіс екенін, тек осы ғана тұрақты шешімге әкелетінін мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Еуропалық одақтың Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатқан кезеңіне сәйкес келді.
«Біз қақтығыстың негізгі себептері туралы айттық. Оны созу үшін емес, керісінше нәтижесінің негізді, ұзақ мерзімді және бейбітшілікті қамтамасыз етуі үшін», - деді Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мемлекет қолдайтын “ТАСС” ақпарат агенттігіне берген сұхбатында.
Ресейге қарсы жаңа санкциялар
Бұл мәлімдемелер ЕО-ның сыртқы істер министрлері Люксембургте кездесіп жатқан уақытта жасалды.
ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кая Каллас одақтың Ресейге қарсы 19-санкциялар пакетін осы аптада бекітуі мүмкін екенін айтты.
Каллас сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Будапештте өтуі ықтимал кездесуін сынға алып, бұл идеяны «жағымсыз» қадам деп атады.
2022 жылдың ақпан айында Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғаннан бері ЕО Мәскеудің қаржы, энергетика және қорғаныс секторларына, сондай-ақ Кремльге жақын жоғары лауазымды тұлғалар мен олигархтарға бағытталған көптеген санкция пакеттерін енгізді.