ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
Компания жаппай бақылау мен автономды қаруларға қатысты алаңдаушылықтарына байланысты жасанды интеллект моделіндегі қауіпсіздік тосқауылдарын алып тастаудан бас тартып отыр.
“Anthropic” Пентагонның ЖИ қауіпсіздігін әлсірету талабына қарсы шықты
"Anthropic" басшысы ЖИ ұлттық қауіпсіздікке қолдау көрсете алатынын айтты. / Reuters

Жасанды интеллект саласындағы “Anthropic” компаниясы АҚШ Қорғаныс министрлігінің ЖИ жүйелеріндегі қорғаныс шараларын жеңілдету туралы талабына жаппай бақылау және автономды қару жөніндегі алаңдаушылықтарға байланысты бағынбайтынын мәлімдеді.

Бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бас директор Дарио Амодей компанияның “Claude” атты ЖИ моделінің «жаппай ішкі бақылау» немесе «толықтай автономды қару» үшін пайдаланылуына қарсы екенін айтты.

Амодейдің айтуынша, жетілдірілген жасанды интеллект жүйелері адам бақылауынсыз мұндай қаруларды басқаруға жеткілікті деңгейде сенімді емес және қауіпсіздік шараларын қажет етеді.

Сонымен қатар ол жасанды интеллект ұлттық қауіпсіздікті қолдай алатынын, алайда ауқымды, ЖИ-ге негізделген бақылаудың азаматтық бостандыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

“Anthropic” пен Пентагон бірнеше апта бойы келіссөз жүргізуде

Трамп әкімшілігі “Anthropic” компаниясын компанияларды ұлттық қорғаныс қажеттіліктеріне басымдық беруді міндеттеу өкілеттігін беретін Қорғаныс өндірісі туралы заңды қолданумен қорқытты.

“Axios” басылымының хабарлауынша, Пентагон “Boeing” пен “Lockheed Martin” компанияларынан “Claude” моделіне тәуелділіктерін егжей-тегжейлі баяндауды сұраған.

Ал Пентагонның баспасөз хатшысы Шон Парнелл ведомствоның жасанды интеллектіні заңсыз бақылау немесе адам араласуынсыз толықтай автономды қарулар үшін пайдалануды көздемейтінін мәлімдеді.

“X” желісіндегі жазбасында Парнелл Пентагон “Anthropic” моделін «барлық заңды мақсат» үшін пайдалануды көздейтінін және операциялық шешімдерді жеке компанияның айқындауына жол бермейтінін айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп «Genesis Mission» атты жасанды интеллект жобасын бастады
ҚатыстыTRT Қазақ - 2025 жылы көп нәрсені өзгерткен жасанды интеллект
Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр