“Shenzhou-20” экипажы Жерге кеш оралады

“Shenzhou-20” миссиясының құрамындағы үш ғарышкер биыл сәуір айында “Tiangong” ғарыш станциясына ұшып барып, алты айлық тапсырмаларын аяқтауға жақындаған еді.

By
Экипаж мүшелері- топ жетекшісі Чэнь Дун, әскери ұшқыш Чэнь Чжунжуй және инженер Ван Цзе.

Қытайдың бір топ ғарышкері ғарыш кемесінің ұсақ сынық бөлігімен соқтығысуы салдарынан Жерге оралу мерзімін кейінге шегеруге мәжбүр болды.

Мемлекеттік “CCTV” телеарнасының хабарлауынша, бастапқыда сәрсенбі күні деп жоспарланған Жерге оралу уақыты белгісіз мерзімге кейінге қалдырылған. Оқиғаға қатысты нақты ақпарат берілмеді.

“Shenzhou-20” миссиясы аясында сәуір айында “Tiangong” ғарыш станциясына аттанған топ жетекшісі Чэнь Дун, әскери ұшқыш Чэнь Чжунжуй және инженер Ван Цзе өздерінің алты айлық ғарыштық тапсырмаларын аяқтауға жақын болатын.

Бұл үш ғарышкердің орнын басатын “Shenzhou-21” миссиясының жаңа экипажы сенбі күні ғарыш станциясымен сәтті байланыс орнатты.