Венесуэла заң шығарушылары БҰҰ жоғары комиссарын "персона нон грата" деп жариялады
Венесуэла үкіметі Фолькер Тюрктің АҚШ тарапынан Сальвадорға депортацияланған венесуэлалықтардың құқықтарын қорғауй алмағанын мәлімдеді.
Венесуэланың Ұлттық Мәжілісі БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басшысы Фолькер Тюркті "персона нон грата" деп жариялады.
БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары өткен аптада Каракас үкіметін "еркінен тыс қамауға алуда” деп сынаған болатын.
Венесуэла үкіметі Тюрктің бұл пікірін "агрессия" деп атаған еді.
Сондай-ақ үкімет Тюрктің АҚШ тарапынан Сальвадор түрмесіне депортацияланған венесуэлалықтардың құқықтарын қорғауға және АҚШ-та мигрант ата-аналарынан ажыратылған венесуэлалық балаларды қайтаруға шақыруға жеткілікті назар аудармағанын мәлімдеген.
Ұлттық Мәжілістің спикері Хорхе Родригес үкіметті Тюрктің кеңсесімен кез келген ынтымақтастықты тоқтатуға шақырды.
Жоғарғы комиссардың кеңсесі 2019 жылдан бері Венесуэлада жұмыс істеп келеді, бірақ оның сыни баяндамалары үкіметпен жиі келіспеушілік тудырып отыр.