ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Суданда қақтығыс жалғасуда
Судан Дәрігерлер желісінің мәліметінше, Жедел қолдау күштері елдің оңтүстік-шығысындағы Сеннар штатында орналасқан Әл-Мазмум ауруханасына ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасаған.
Суданда қақтығыс жалғасуда
2023 жылдың сәуір айында басталған Судан армиясы мен ЖҚК арасындағы қақтығыс мыңдаған адамның өмірін қиды. / AA Archive

Судан Дәрігерлер желісінің дүйсенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесіне сәйкес, жексенбі түні Жедел қолдау күштері (ЖҚК) ұйымдастырған ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылы нәтижесінде Суданның оңтүстік-шығысындағы Сеннар штатында орналасқан Әл-Мазмум ауруханасында үш адам қаза тауып, жеті адам жараланды.

Медициналық ұйымның хабарлауынша, ЖҚК-ке тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты жексенбі кешінде аурухананы нысанаға алған. Оқиғада үш адам көз жұмып, бір медицина қызметкерімен бірге жеті адам жарақат алған.

ЖҚК жасақтары оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Бұған дейін судандық билік өкілдері мен адам құқықтары ұйымдары ЖҚК-ні азаматтық нысандарды нысанаға алды деп айыптаған болатын. ЖҚК болса «бейбіт тұрғындарды қорғау үшін жұмыс істеп жатқанын» мәлімдеген болатын.

Судан армиясы мен ЖҚК арасындағы қақтығыстардың жалғасуына байланысты 2025 жылдың қазан айынан бері Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Кордофан штаттарында ауыр шайқас жалғасуда.

ҚатыстыTRT Қазақ - Жедел қолдау күштерінің шабуылы тойтарылды
Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді