САЯСАТ
2 ... минут оқылды
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
БҰҰ Балалар қорының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша өңірлік директоры Эдуар Бейгбедер Израиль 3 795 рет бұзған Газадағы «атысты тоқтату» режимі аймақтағы балаларды қорғай алмағанын мәлімдеді.
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
Израиль 2023 жылдың қазан айынан бері Газада 20 000-нан астам бала мен сәбиді өлтірді. [Архив] / AA Archive

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) 2025 жылдың қазанында атысты тоқтату режимі күшіне енгелі қоршаудағы Газа секторында кемінде 300 баланың қаза тапқанын хабарлады. Алайда ұйымның мәлімдемесінде Израильдің аты тікелей аталмады.

Ұйымның Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша өңірлік директоры Эдуар Бейгбедер: «Тағы жүздеген бала жараланды, олардың көпшілігінің жағдайы ауыр. Газадағы балалар зорлық-зомбылықтың тоқтауын күтуде», – деді. Ол атысты тоқтату режимі Газадағы балалардың үмітін ақтамағанын атап өтті.

Бейгбедер соңғы күндері атысты тоқтатудың келесі кезеңіне қатысты жарияланған жоспарлар сөз жүзінде қалмай, нақты жүзеге асырылуы керектігін айтып, «Газадағы балалар үшін ең бастысы – қарапайым сұрақтарға жауап алу. Адам өлімі тоқтай ма? Гуманитарлық көмек жеткілікті көлемде жете ме? Ауруханалар қайта ашылып, су жүйесі қалпына келе ме? Балалар қыркүйекте мектептеріне орала ма? Балалар бұған дейін де талай уәде естіді. Бірақ бұл жолы қол жеткізілген келісімдер нақты іске асуы керек», – деді ол.

Израиль келісім күшіне енгеннен бері Газадағы атысты тоқтату режимін 3 795 рет бұзды. 2025 жылдың 10 қазанынан бері күн сайын жасалған шабуылдардан кемінде 1 254 палестиналық қаза тапты.

«Олар балаларды қорғауға міндетті»

ЮНИСЕФ барлық тарапты біржақты жарияланған атысты тоқтату режимін сақтауға шақырып, балалардың қорғалуын және оларға қажетті көмектің жеткізілуін талап етті.

Ұйымның мәлімдемесінде: «ЮНИСЕФ барлық тарапты халықаралық құқық, халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары саласындағы міндеттемелерін орындауға шақырады. Олар балаларды қорғауға, денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіз ауызсу және азық-түлікпен бірге негізгі тауарлар мен қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көмекке мұқтаж балаларға гуманитарлық көмектің қауіпсіз, жедел және кедергісіз жеткізілуіне жағдай жасауға міндетті», – делінген.

2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің Газадағы геноциді салдарынан 73 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Олардың арасында 20 мыңнан астам бала бар.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады