ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы қорғаныс келісімін дайындауда
Пәкістанның Қорғаныс өндірісі министрі Раза Хаят Харраж «үш ел де келісім жобасы бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын» білдірді.
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы қорғаныс келісімін дайындауда
Келісім жобасы ұзақ уақыт бойы талқыланып келеді. / TRT World
16 Қаңтар 2026

Пәкістанның Қорғаныс өндірісі министрі шамамен бір жылға созылған келіссөздерден кейін Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы қорғаныс саласындағы келісімнің жобасын дайындағанын мәлімдеді. Бұл аймақтық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған ықтимал қадам ретінде бағалануда.

Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мұндай келіссөздердің өткенін растады, алайда бүгінгі күнге дейін ешқандай келісімге қол қойылмағанын атап өтті.

Пәкістанның Қорғаныс министрі Раза Хаят Харраж бейсенбі күні “Reuters” ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ұсынылып отырған үшжақты келісімнің өткен жылы Пәкістан мен Сауд Арабиясы арасында жарияланған екіжақты қорғаныс келісімінен бөлек екенін айтты.

Харраж келісімді түпкілікті бекіту үшін үш ел арасында соңғы әрі толық өзара келісімге қол жеткізу қажет екенін жеткізді.

Харраждың айтуынша, бұл келіссөздер кең ауқымды тұрақсыздық жағдайында үш аймақтық державаның қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ мүддесін көрсетеді.

Жақында Сауд Арабиясы мен Пәкістан Стратегиялық өзара қорғаныс туралы келісімге қол қойып, «екі елдің біріне жасалған кез келген шабуыл екеуіне бірдей жасалған шабуыл ретінде қаралатынын» міндеттеме еткен болатын.

Фидан: “Келіссөздер жалғасуда”

Бейсенбі күні Стамбулда сөйлеген сөзінде Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан келіссөздердің жүргізіліп жатқанын растады, бірақ әзірге ешқандай келісімге қол қойылмағанын тағы да атап өтті.

Мүмкін болатын үшжақты келісім туралы БАҚ-та тараған хабарларға қатысты сұрақтарға жауап берген Фидан бұл үдерісті тар ауқымды одақ құрудан гөрі, кеңірек аймақтық ынтымақтастық тұрғысынан қарастыру қажет екенін айтты.

Фидан аймақ елдері арасындағы сенімнің маңызын атап өтіп, қақтығыстарды, терроризмді және сыртқы араласуды қоздыратын алауыздықтарды еңсеру қажеттігін айтты.

Фидан сөзінде Пәкістан немесе Сауд Арабиясын тікелей атамағанымен, Түркияның ұзақ мерзімді аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және сенімді арттыратын бастамаларға ашық екенін айтты.

Исламабад пен Анкара тарапынан жасалған мәлімдемелер келіссөздердің әзірге кеңесу деңгейінде екенін көрсеткенімен, үш ел арасында тұрақты дипломатиялық байланыстар жалғасып жатқанын білдірді.

Іздеу
Түркия Сириядағы ДАИШ-ке қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды
Ресей Украинаға шабуылдады
Иран жоғары деңгейлі қауіпсіздік басшысын Оманға жіберді
«Украина келіссөздері бойынша атқарылатын жұмыс көп»
2026 жылғы Әлем чемпионатында Мексика полициясына робот иттер көмектеседі
«Roketsan» «Eren» оқ-дәрісін таныстырды
Ливияда жедел жәрдем тікұшағы құлап, бес адам қаза тапты
АҚШ-та сот шешімі мигранттарды қорғау мәртебесін әлсіретті
Түркия Израильдің шешімін айыптады
Колумбияда климаттық дағдарыс: 40 мың гектар жер су астында
Жапонияда қалың қар салдарынан 46 адам қаза тапты
Түркия Сыртқы істер министрі Иранда әуе шабуылдары режимнің өзгеруіне әкеп соқпайтынын мәлімдеді
Сирияның солтүстік-батысында су тасқыны болды
Сомали мен Сауд Арабиясы Қызыл теңіз қауіпсіздігін нығайту үшін қорғаныс келісіміне қол қойды
Түркияның халық саны 86 миллионнан асты