ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Киевте жағдай ұшықты
Ресей Киевке 675 дрон және 56 зымыранмен соққы берді.
Киевте жағдай ұшықты
Құтқарушылар Ресейдің зымыран және дрон соққыларынан қираған тұрғын үй аумағында жұмыс істеп жатыр. Киев, Украина, 14 мамыр 2026 жыл. / Reuters

Ресей бейсенбі күні таңертең Киевке ауқымды шабуыл жасады. Украина билігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, шамамен 40 адам жараланған.

Украина Әуе күштері Ресей ұшырған 675 ҰҰА-ның 652-сін және 56 зымыранның 41-ін жойғандарын хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский тұрғын үйлер, мектеп және ветеринарлық клиника секілді азаматтық инфрақұрылым нысандарының зақымданғанын айтып, мұндай әрекеттердің бейбітшілік орнату талпыныстарымен үйлеспейтінін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украинаның энергетика саласы төтенше жағдайда

Ал Ресей бұл шабуылдардың қарымта соққы сипатында болғанын, әскери нысандар мен энергетикалық инфрақұрылым объектілерінің нысанаға алынғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Зеленский Ресей дрондарының Херсон қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының көлігін әдейі нысанаға алғанын, алайда адам шығыны болмағанын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Киев Ресейдің ауқымды шабуылына ұшырап жатыр
ҚатыстыTRT Қазақ - Харьков облысындағы шабуылда үш бала қаза тапты
Іздеу
Украина Ресейдегі стратегиялық нысандарға соққы берді
Түркия АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімді құптады
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Украина дрондары Татарстандағы тұрғын үйге түсті
НАТО саммиті кезінде Анкарада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Түркия мен Болгария арасындағы ынтымақтастық талқыланды
НАТО саммиті қарсаңында маңызды жиын өтті
АҚШ НАТО-ның Еуропадағы операцияларын қысқартпақ
Израиль заңсыз қоныстарды кеңейту үшін 51 миллион доллар бөлді
Президент Ердоған: «Түрік Қызыл жарты ай ұйымы жаһандық қызметімен ерекшеленеді»
«Түркия — НАТО-дағы аса маңызды әрі стратегиялық одақтас»
Сыртқы істер министрі Фидан Болгария премьер-министрімен кездесті
Түркия мен Сауд Арабиясы стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
«Никол Пашинян Армения мен Түркия арасындағы теміржол қатынасының жақын уақытта ашылатынына үміт бі