ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
«Turkcell» «Google» компаниясымен серіктестік орнатты
Түркиялық оператор өнеркәсіп салалары бойынша бұлттық технологияларды енгізуді көздейтін серіктестік аясында 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.
«Turkcell» «Google» компаниясымен серіктестік орнатты
«Turkcell» Google компаниясымен серіктестік орнатты / Reuters

Түркияның телекоммуникация операторы «Turkcell» сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «Google» компаниясымен стратегиялық серіктестік орнатқанын хабарлады. Бұл келісім шеңберінде компаниялар Түркияда әртүрлі салаларға «Google Cloud» қызметін ұсынбақ.

Серіктестік аясында «Turkcell» Түркияда жоспарланып отырған «Google Cloud» аймағы үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету мақсатында «Google Cloud» компаниясымен бірлесе жұмыс істейді.

Оператордың мәлімдеуінше, серіктестікке бағытталған инвестиция көлемі 2032 жылдың соңына дейін 1 миллиард АҚШ долларына жетеді деп болжануда. Сондай-ақ серіктестік 2028-2029 жылдар аралығында іске қосылуы мүмкін. Нәтижесінде «Turkcell» дерек орталықтарының портфелін кеңейтпек.

Компанияның хабарлауынша: «Сенімді «Google Cloud» серіктесі ретінде «Turkcell» бұлттық инфрақұрылым мен қызмет көрсетуші рөлін күшейтіп, нарықта «Google Cloud» қызметтерінің ресми сатушысы (reseller) ретінде де жұмыс істейтін болады».

«Бұл бастама Түркиядағы барлық деңгейдегі және әртүрлі саладағы ұйымдарға бұлттық жүйеге өтуді жеделдетіп, бұлттың артықшылықтарын толық пайдалануға көмектеседі,» – деп мәлімдеді компания.

«Turkcell» жоспарланып отырған бұлттық аймақтың Түркияда жергілікті инфрақұрылым ұсынатынын, клиенттерге деректердің орналасуын бақылауға көбірек мүмкіндік беретінін және деректерді жергіліктендіру талаптарын орындауға жәрдемдесетінін айтты.

Оператор жаңа аймақтың деректерді талдау, қолданбаларды жаңғырту, киберқауіпсіздік және цифрлық бизнес шешімдері саласындағы озық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жоғары өнімді төмен кідіріспен «Google Cloud» қолжетімділігін ұсыну арқылы Түркияның цифрлық экожүйесін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
Вьетнам 2030 жылға дейін 10 мың жасанды интеллект маманын дайындауды мақсат етеді
Түркия Арктикадағы климат пен экожүйе өзгерістерін зерттеуде
Қытайдың ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: "Long March 7A" зымыранында ақау шықты
“Meta” балаларға келтірілген зиянға байланысты АҚШ-та жаңа сот ісіне тап болды
Әлеуметтік тұзақ: 5 әйел «Үлкен бестікке қарсы»
Ғалымдар адам миының жұмысын модельдейтін жаңа чип әзірледі
Тарихта алғаш рет: Жасанды интеллект бақылаудан шығып, кибершабуыл ұйымдастырды
"Барлық ауруға ем табылса да, мәңгі өмір сүру мүмкін емес"
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Түркиядағы интернет қозғалысының 40 пайыздан астамын "YouTube" құрайды
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Түркия өз навигация жүйесін құруда
Түркия мен Испанияның қорғаныс компаниялары келісімге қол қойды
«ASELSAN» жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойды
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Балалардың әлеуметтік желілерге тәуелділігінен туындайтын залалдың құнын кім төлейді?
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
«ASELSAN» мен Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы жаңа келісімге қол қойды