ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Үндістан медиасының айыптауларын теріске шығарды
Дезинформацияға қарсы күрес орталығы Анкараның террорға қарсы ұстанымын қайталап, Түркияның жаһандық ынтымақтастық арқылы терроризмге қарсы күресте жетекші рөл атқарып отырғанын атап өтті.
Түркия Үндістан медиасының айыптауларын теріске шығарды
Түркия Үндістан медиасының айыптауларын теріске шығарды / AA

Түркия кейбір үнді медиа ұйымдарының Анкара мен Үндістандағы террор шабуылдарын өзара байланыстырып көрсеткен айыптауларын жоққа шығарды.

Түркияның Дезинформацияға қарсы күрес орталығы сәрсенбі күні түрік әлеуметтік желісі «Nsosyal» арқылы жасаған мәлімдемесінде, кейбір үнді медиасында әдейі таратылған Түркияның Үндістандағы террорлық әрекеттерге қатысы бар, сондай-ақ террористік топтарға логистикалық, дипломатиялық және қаржылық қолдау көрсетеді деген айыптаулар екі ел арасындағы қатынастарды бұзуды мақсат еткен қасақана дезинформациялық науқанның  бір бөлігі екенін атап өтті.

Дезинформацияға қарсы күрес орталығы лаңкестік әрекет қай жерде, кім тарабынан жасалса да, оның барлық түрлерін үзілді-кесілді қабылдамайтынын қайталап, Түркияның халықаралық ынтымақтастық арқылы жаһандық терроризмге қарсы күресте жетекші рөл атқарып келе жатқанын мәлімдеді.

Осыған байланысты Анкараның БҰҰ-ның Жаһандық терроризмге қарсы күрес стратегиясын белсенді түрде қолдап отырғанын және НАТО-ның терроризмге қарсы саясатын қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келе жатқанын жеткізді.

Дезинформацияға қарсы күрес орталығы сондай-ақ Түркияның Үндістанда немесе кез келген басқа елде радикалдандыру әрекеттерін жүргізеді деген айыптауларды толығымен дезинформациялық мақсаттағы, негізсіз мәлімдемелер екенін қоса айтты.

Орталық мұндай негізсіз және манипуляциялық жаңалықтардың Түркияны нысанаға алып, елдің жаһандық қауіпсіздік, тұрақтылық және бейбітшілік үшін күш-жігерін бұзуға бағытталғанын мәлімдеді және қоғамды бұл айыптауларға сенбеуге шақырды.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды