САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
Кремль өкілі Дмитрий Песков Украинаның дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз екенін айтып, «Ресей өз мақсаттарына бейбіт келіссөздер арқылы жетуге ашық», — деді.
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков

Песков астана Мәскеуде журналистерге күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты мәлімдеме жасады.

Украина дағдарысын бейбіт жолмен шешуді жақтайтындарын айтқан Песков: «Ресей өз мақсаттарына бейбіт келіссөздер арқылы жетуге ашық. Бұған Ресей президенті Владимир Путин де ашық», — деді.

Украинаның дағдарысты бейбіт жолмен шешу процесін жалғастыруға ниетті еместігін білдірген Песков: «Киев бейбіт түрде шешуге құлықсыз болған жағдайда, біз (Украинадағы) арнайы әскери операцияны жалғастыра береміз. Украина тарапы шиеленісті арттыруға тырысып жатса, біз Украинадағы қауіпсіздік аймағын кеңейтуді жалғастырудамыз», — деді.

Украина әскерінің Ресейдің бақылауындағы Запорожье атом электр станциясына жасаған шабуылдарын үдеткеніне назар аударған Песков бұның өте қауіпті екенін баса айтты.

Дмитрий Песков бұл мәселе бойынша Халықаралық атом энергиясы агенттігімен байланыста екендерін жеткізді.

Ресей президенті Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп арасында телефон әңгімесі жүзеге аспағанын айтқан Песков АҚШ тарапымен байланысты үзбей отырғандарын білдірді.

Ресей өкілі Песков: «Түрік баспасөзі Түркияның америкалық санкциялардан құтылу үшін С-400 жүйелерін басқа біреуге сатқанын жазды. Түркия бұл мәселе бойынша Ресейден рұқсат сұрады ма? Ресей бұған қандай реакция білдірді?» — деген сұраққа: «Бұл — өте нәзік мәселе. Түркиямен бұл тақырыпта байланыстарымыз болды. Түрік тарапымен бұл бағыттағы келіссөздерді алдағы уақытта да жалғастырамыз», — деген мәлімдемемен шектелді.

Іздеу
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
АҚШ халқының 33 пайызы Трампты қолдайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты