САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран әйелдер футбол құрамасының мүшесі Австралиядан баспана алу шешімінен бас тартты
Оңтүстік Кореямен ойын алдында Иран гимнін айтудан бас тартуы «қарсылық» деп есептелген ойыншылар Иран медиасында «сатқындар» деп айыпталған болатын.
Иран әйелдер футбол құрамасының мүшесі Австралиядан баспана алу шешімінен бас тартты
Иран әйелдер футбол құрамасының мүшесі Австралиядан баспана алу шешімінен бас тартты / AFP

Иран әйелдер футбол құрамасының Австралиядан саяси баспана сұраған бір ойыншысы командаластарымен сөйлескеннен кейін шешімін өзгерткені хабарланды. Австралияның Ішкі істер министрі Тони Берк сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде бұл ақпаратты растады.

Иранның сыртқа шыққан әйелдер футбол командасының жеті мүшесі ойын алдындағы наразылықтарына байланысты өз елдерінде «сатқын» деп жарияланғаннан кейін Австралиядан баспана сұраған болатын.

Команда сейсенбі күні кешке Сиднейден Куала-Лумпурға аттанар алдында тағы бір ойыншы мен техникалық топтың бір мүшесі баспана алуға өтініш берген. Осылайша бұған дейін өтініш білдірген бес спортшыға тағы екі адам қосылды.

Берк сәрсенбі күні парламентте сөйлеген сөзінде топ мүшелерінің бірі кейінірек «командадан бөлінген кейбір әріптестерімен сөйлесіп, райынан қайтқанын» айтты.

Берк «Командаластары оған ақыл-кеңес беріп, Иран елшілігімен байланысуға итермелеген», — деді. Министрдің айтуынша, соның нәтижесінде Иран елшілігі барлық адамның жүрген жерін біліп қойған. Сондай-ақ Берк қалған ойыншылардың қауіпсіз үйден басқа жерге көшірілгенін атап өтті.

Команда делегациясы Сиднейден кеткеннен кейін сәрсенбі күні таңертең ертемен Малайзияға жеткені белгілі болды. Командамен бірге жүрген еркек бақылаушылардың басқа әйелдердің баспана сұрауына кедергі келтіруі мүмкін екені айтылды.

Берк Сидней әуежайында әрбір ойыншының топтан оқшау ұсталғанын және бұл ұсыныс бойынша жеке ойлануына уақыт берілгенін айтты. Ирандық ойыншының шешімін өзгертуіне қатысты Берк: «Австралиялық билік өкілдері бұл оның нақты өз шешімі екеніне көз жеткізді», — деп мәлімдеді.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті