ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Бангладеш Сыртқы істер министрі: «Түркия – аса маңызды серіктес»
Бангладеш Сыртқы істер министрі Халилур Рахман: «Түркия Бангладештің БҰҰ Бас Ассамблеясына төрағалық етуге кандидатурасын қолдаған аса маңызды серіктес».
Бангладеш Сыртқы істер министрі: «Түркия – аса маңызды серіктес»
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Бангладеш Сыртқы істер министрі Халилур Рахманмен кездесті

Халилур Рахман Бангладеш астанасы Даккада Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездесуден кейін ұйымдастырылған бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Рахман Сыртқы істер министрі ретінде алғашқы сапарын Түркиядан бастағанын еске салып, әріптесі Хакан Фиданмен өзара құрмет пен ынтымақтастық аясында кездесу өткізгендерін айтты.

Бұл кездесудің Бангладеш пен Түркия арасындағы ұзақ жылғы достық қарым-қатынастың көрінісі екенін атап өткен Рахман Фиданның сапарына ерекше мән беретіндерін жеткізді.

«Түркия – Бангладештің БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағалығына кандидатурасын қолдаған аса маңызды серіктіс», – деген Рахман бұл қолдауды ешқашан ұмытпайтындарын айтты. Сондай-ақ ол жаһандық шиеленіс жағдайында көпжақты ынтымақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті.

Рахман Хакан Фиданның сапары Бангладеш–Түркия қатынастары үшін маңызды кезеңге тұспа-тұс келгенін айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастық пен әріптестікті жаңа деңгейге көтеруді көздейтіндерін мәлімдеді.

Ол кездесу барысында түрік инвесторларын Бангладештегі арнайы экономикалық аймақтардағы инвестициялық мүмкіндіктерді пайдалануға шақырған.

Министр Бангладештің маңызды гуманитарлық және дипломатиялық мәселелерінің бірі Рохинджа дағдарысы екенін атап өтті. Ол бұл мәселемен бұрыннан айналысқанын және оның ауқымы мен салдарын жақсы білетінін айтты. Сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы болып сайланғаннан кейін де Рохинджа мәселесін көтергенін жеткізді.

Рахман Түркияның Рохинджа дағдарысындағы қолдауына жоғары баға беріп, Анкараның дағдарыс басталған күннен бері Бангладешке гуманитарлық және дипломатиялық қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Ол сапар аясында Хакан Фиданның Рохинджа босқындары орналасқан лагерьлерге де баратынын еске салып, түрік ауруханасының лагерьлердегі ең маңызды қолдау екенін айтты. Сонымен қатар Түркияның дағдарысты шешуге бағытталған өңірлік және халықаралық бастамаларға да үлес қосып отырғанын мәлімдеді.

Іздеу
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды