Түркияның халық саны 86 миллионнан асты

Жылдық халық өсімі 2024 жылы мыңға шаққанда 3,4 болса, 2025 жылы 5-ке дейін өсті.

By
Түркияның халық саны 86 миллионнан асты / AA

Ресми деректерге сәйкес, Түркия халқы 2025 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 427 224 адамға көбейіп, 86,09 миллионға жетті.

Түркия статистика институты дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде елдегі ерлер саны 43,06 миллион болып, жалпы халықтың 50,02 пайызын құрағанын, ал әйелдер саны 43,03 миллион болып, жалпы халық санының 49,98 пайызын құрағанын хабарлады.

Жылдық халық өсімі 2024 жылы мыңға шаққанда 3,4 болса, 2025 жылы мыңға шаққанда 5-ке дейін артты.

Түркия статистика институтының мәліметінше, облыс және аудан орталық тұрғындарының үлесі 2024 жылы 93,4 пайыз болса, 2025 жылы 93,6 пайызға өсті. Ал елді мекендер мен ауылдарда тұратындардың үлесі 6,6 пайыздан 6,4 пайызға төмендеді.

2025 жылы Стамбул халқы 15,75 миллионға жетіп, Түркиядағы ең ірі қала мәртебесін сақтап қалды. Қала халқы бір жылда 52 451 адамға артты.

Стамбулдан кейін 5,9 миллион тұрғыны бар ел астанасы Анкара, 4,5 миллион халқы бар Измир, 3,26 миллион халқы бар Бурса және 2,77 миллион халқы бар Анталия келеді.

Түркия халқының орташа жасы 2024 жылы 34,4 болса, 2025 жылы 34,9-ға көтерілді.

Еңбекке қабілетті бір адамға шаққандағы балалар мен қарттар санын көрсететін жас тәуелділік коэффициенті өткен жылы 0,1 пайызға азайып, 46 пайызға дейін төмендеді.