ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Палестина билігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын құптады
Газа әкімшілігінің Сыртқы істер министрлігі бұл қарардың шұғыл түрде іске асырылуын талап етіп, тараптармен үйлестіру жұмыстарын жүргізуге дайын екенін мәлімдеді.
Палестина билігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын құптады
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дүйсенбі күні АҚШ әзірлеген қарарды қабылдады. / AA

Палестина билігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа секторында Бейбітшілік кеңесі мен Халықаралық тұрақтандыру күшін құруға мандат беретін АҚШ әзірлеген қарар жобасын құптады.

Сыртқы істер министрлігі сейсенбі күні «X» парақшасында жариялаған мәлімдемесінде бұл шешімді Газа аймағында тұрақты әрі жан-жақты бітім орнатудың, гуманитарлық көмектің үздіксіз жеткізілуінің, сондай-ақ палестиналықтардың өзін-өзі анықтау және тәуелсіз мемлекет құру құқығын растаудың негізі ретінде бағалағанын атап өтті.

Мәлімдемеде сондай-ақ Палестина мемлекетін қолдап, оккупацияны тоқтату мен Палестинаның азаттығы мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолындағы күш-жігерге атсалысуға дайын екендігін мәлімдеген барлық елге алғыс айтылды.

Палестина қарарды жүзеге асыру үшін АҚШ, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ араб және ислам мемлекеттерімен қатар барлық мүдделі тараптармен ынтымақтастыққа дайын екенін растады. Сонымен қатар Газа секторында, оккупацияланған Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде тұратын палестиналықтардың азабын тоқтату үшін қарардың дереу күшіне енуін талап етті.

Бейбітшілік кеңесі

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дүйсенбі күні АҚШ әзірлеген қарар жобасын қабылдады. Қарар Газа секторында «Бейбітшілік кеңесін» құруды және басқаруды, қайта қалпына келтіру мен қауіпсіздік процестерін үйлестіру үшін Халықаралық тұрақтандыру күшіне мандат беруді қарастырады.

АҚШ дайындаған бұл жоба АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған 20 тармақтан тұратын жоспарға негізделіп, 10 қазан күні Газа секторында күшіне енген Израиль-ХАМАС арасындағы атысты тоқтату және тұтқын алмасу туралы келісімнің бір бөлігі ретінде әзірленді.

Атысты тоқтату келісімінің алғашқы кезеңі тұтқын алмасуды қамтыды. Жоспарда сондай-ақ Газа секторын қайта қалпына келтіру және палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС-сыз жаңа басқару тетігін құру көзделген.

2023 жылдың қазан айынан бері Газада 69 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан. 170 700-ден астам адам жараланған. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.

Израильдің Газа секторына қарсы геноцид соғысы аймақты қирандыға айналдырды.

 

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды