Президент Ердоған Оңтүстік Африкаға аттанды

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Йоханнесбургте өтетін «G20» көшбасшыларының саммитінде экономика мен саясатқа қатысты мәселелер талқыланатын кездесулерге қатысады.

By
Президент Ердоған Оңтүстік Африкаға аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған жұма күні «G20» көшбасшыларының саммитіне қатысу үшін Оңтүстік Африкаға аттанды. Президенттің жанында жұбайы Емине Ердоған, Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Қаржы және қазына министрі Мехмет Шимшек, Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Бурханеттин Дуран және өзге де ресми тұлғалар бар.

Президент «Ынтымақтастық, теңдік, тұрақтылық» тақырыбында өтетін саммиттің бірнеше сессиясында сөз сөйлейді.