ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
БҰҰ деректеріне негізделген жаңа талдау қаза тапқандар мен өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғандардың саны күрт артқанын көрсетіп отыр.
Батыс Шерияда үш жыл ішінде 1 244 палестиналық қаза тапты
Израильдік сарбаз басып алынған Батыс Шериядағы Хеврон маңындағы Хирбет-Хамсада палестиналықтарға қару кезеп тұр. 2026 жыл 9 маусым. (AA)

Халықаралық “Oxfam” гуманитарлық ұйымының БҰҰ деректеріне сүйенген жаңа есебіне сәйкес, 2023 жылдан 2025 жылдың соңына дейін басып алынған Батыс Шерияда қаза тапқан палестиналықтардың саны соңғы 17 жылдағы көрсеткіштен асып түскен.

Есепте БҰҰ-ның Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының (OCHA) деректеріне сілтеме жасалып, аталған үш жылдық кезеңде Батыс Шерияда  1 244 палестиналықтың қаза тапқаны айтылған.

Ал 2006–2022 жылдар аралығында 1 036 палестиналық көз жұмған. “Oxfam” бұл жағдайды өңірдегі зорлық-зомбылықтың күрт күшеюінің көрсеткіші ретінде бағалайды.

“Oxfam” мәліметінше, Израильдің әскери операциялары, үйлерді бұзу әрекеттері, зорлық-зомбылық және шектеу салдарынан соңғы үш жылда Батыс Шерияда шамамен 46 мың палестиналық өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл алдыңғы 14 жылда тіркелген көрсеткіштен үш есе жоғары.

Ұйым сондай-ақ қозғалыс еркіндігіне қойылған шектеулердің айтарлықтай көбейгенін атап өтті. Қазіргі уақытта бүкіл өңірде қатынасты шектейтін 925 кедергі нысаны бар.

“Oxfam” ұйымының гуманитарлық саясат жөніндегі жетекшісі Бушра Халиди жағдайды «қайғылы әрі қорқынышты» деп сипаттады.

Оның айтуынша, әлемдік қауымдастықтың назары негізінен Газадағы жағдайға аударылғанымен, Батыс Шериядағы зорлық-зомбылық та барған сайын күшейіп келеді.

Есепте сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы үш айының өзінде заңсыз израильдік қоныстанушылар жасаған 540-тан астам шабуыл тіркелгені және адам шығыны мен мәжбүрлі қоныс аудару оқиғаларының жалғасып жатқаны айтылған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Каирде Газа бойынша келіссөз жалғасуда
Іздеу
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Трамп: "Бүгін кешке Иранды қатты соққыға аламыз деп ойлаймын"
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады