“Еуропада авиациялық отын қоры таусылып барады”

Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы  Фатих Бирол «осы уақытқа дейін болған ең ірі энергетикалық дағдарыстың» жаһандық салдарына қатысты мәлімдеме жасады.

By
Мұрағаттық сурет. 2019 жылы Швейцария әуежайында ұшуы тоқтатылған ұшақтар. / AP

Халықаралық энергетика агенттігінің басшысы Еуропада «шамамен 6 аптаға ғана жететін авиациялық отын қалған болуы мүмкін» екенін айтып, Иран соғысына байланысты мұнай жеткізілімі тізбегіне байланысты жағдай шешілмесе «жақын арада» ұшақ рейстерінің тоқтатылуы мүмкін екенін ескертті.

Халықаралық энергетика агенттігінің бас директоры Фатих Бирол бейсенбі күні Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай, газ және басқа аса маңызды жеткізу бағыттарының жабылуынан туындаған жағдайдың жаһандық салдары жөнінде мәлімдеме жасады. Ол мұны «ең ірі энергетикалық дағдарыс» деп атады.

«Еуропа қазір шынында да өте қиын жағдайда. Мұның жаһандық экономикаға үлкен әсері болады және бұл жағдай қаншалықты ұзаққа созылса, әлем бойынша экономикалық өсім мен инфляция үшін соншалықты ұшығады», - деді ол.

Бирол кейбір өңірлердің өзгелерге қарағанда көбірек зардап шегетінін жеткізді.

«Алдыңғы шепте — Таяу Шығыстан энергия алатын Азия елдері», - деген Бирол Жапония, Корея, Үндістан, Қытай, Пәкістан мен Бангладешті мысал келтірді.

«Одан кейін бұл Еуропа мен Америкаға жетеді», — деп қосты Бирол.