САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамптың Гренландия жоспары қандай?
Дания Трамптың Еуропа елдеріне жаңа кедендік баж салығын енгізу туралы мәлімдемелері бүкіл НАТО альянсын қатерге тігуі мүмкін екенін ескертті.
Трамптың Гренландия жоспары қандай?
Трамп Ақ Үйде баспасөз брифингі өткізеді. / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия мәселесінде қалай ілгерілейтіні жөнінде нақты мәлімдеме жасаудан бас тартты. Алайда еуропалық көшбасшылардың одақтас Даниядан бұл аймақты күшпен тартып алу қаупіне алаңдаушылығы сақталып отырған тұста ол қандай да бір келісімге келу мүмкін екенін меңзеді.

Швейцарияның Давос қаласында өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға аттанар алдында журналистердің бұл мәселе бойынша сұрағына Трамп «Жақында көресіздер», - деп жауап берді.

Давоста жоспарланған кездесулеріне тоқталған Трамп: «Гренландияға қатысты алдын ала жоспарланған көптеген кездесу бар. Менің ойымша, бәрі өте жақсы өтеді», - деді.

Ал Дания Трамптың бұл қоқан-лоққыларын іске асыруы барлық НАТО одағын қатерге тіккенін мәлімдеді. Трамп демалыс күндері Гренландиямен ынтымақ білдіру мақсатында аймаққа әскер жіберген Ұлыбритания, Франция және Германияны қоса алғанда Еуропа елдеріне жаңа кедендік баж салығын енгізумен қорқытқан болатын.

Ол бұл қадамның алдынғы жылы одақтастар АҚШ-та инвестиция көлемін арттыруға уағдаласқан ЕО келісімін қатерге тігетіні жөніндегі пікірлерді жоққа шығарып, «Оларға бізбен жасалатын сол келісім ауадай қажет», - деді.

Трамп: «НАТО да, біз де риза болатын бір шешім табамыз деп ойлаймын», - деп, Гренландияға қатысты сөзін былай түйіндеді: «Бірақ бізге бұл қауіпсіздік себептерімен қажет. Ұлттық қауіпсіздік, тіпті жаһандық қауіпсіздік үшін қажет».

ҚатыстыTRT Қазақ - АҚШ сенаторлары Гренландияға байланысты заң жобасын ұсынды

«Сатылмайды»

Гренландия билігі аралдың сатылмайтынын бірнеше мәрте қайталады. Гренландия халқының бұл жоспарға қарсы болуына қатысты сұраққа Трамп:
«Олармен сөйлескенде қатты қуанады деп ойлаймын», - деп жауап берді.

Трамп климаттың өзгеруі салдарынан Арктикадағы теңіз жолдарының ашылуы Ресей немесе Қытай тарапынан аралды басып алу қаупін арттырады деп санап, АҚШ-тың аумақтық тұтастығын едәуір кеңейтетін Гренландияға мұқтаж екенін алға тартуда. Алайда бұл екі бәсекелес державаның Гренландияға қатысты ешқандай аумақтық талабы жоқ екені айтылып, Қытайдың аралда ірі инвестициясы жоқ екені, әрі соңғы уақытта әскери кеме жібермегені хабарланды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп Гренландияға ұшақ орналастыруда
ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп: “Ұлттық қауіпсіздік үшін АҚШ-қа Гренландия қажет”
Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді